"27 адам қаза тапты": Бектенов мопед мәселесіне алаңдаушылық білдірді

© Sputnik/Ертай СарбасовМопеды
Мопеды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2024
Жазылу
Үкімет отырысында премьер-министр "Egemen Qazaqstan" газетінде бүгін мопедтер мәселесіне арналған мақаланың шыққанын айтты
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов ішкі істер министрінен газеттен оқыған мәселе жайында сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет отырысында премьер-министр "Egemen Qazaqstan" газетінде бүгін мопедтер мәселесіне арналған мақаланың шыққанын айтты.
"Сол мақалада көрсетілгендей биылдың өзінде мопедтердің қатысуымен болған жол апаттарынан 27 адам қаза тапты. Сұмдық деректер! Осы мәселені қалай шешіп жатырмыз?" -деді Бектенов.
Ішкі істер министрі ондай мәселенің бар екенін мойындады. Оның айтуынша, бүгінде мопедтерге көп жағдайда жасөспірімдер мінеді. Қазіргі кезде тиісті заңнамалық шаралар қолға алынды.
"Біріншіден, барлық мопедті тіркеу. Одан кейін мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі. Ал мопедтерді жүргізу үшін куәлік алу керек болады. Қазір заң жобасы сенатқа енгізілді", - деп атап көрсетті Сәденов.
Мопеды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2024
Алматыда мопед жүргізушісі әйелді қағып кетті - екеуі де көз жұмды
Жаңалықтар
0