https://sputnik.kz/20260401/qazaqstanda-8-zhana-elektr-stantsiyasy-salynady-62309939.html
Қазақстанда 8 жаңа электр станциясы салынады
Қазақстанда 8 жаңа электр станциясы салынады
Sputnik Қазақстан
Жалпы қуаты 5,3 ГВт болатын жаңа құрылыс бағдарламасы еліміздің маңызды тораптарын қамтиды 01.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-01T08:38+0500
2026-04-01T08:38+0500
2026-04-01T09:53+0500
министрлік
жылу электр орталығы
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07ea/02/10/61202105_0:90:1280:810_1920x0_80_0_0_0595cb0457bb9ef5cb7c0e35bae411f3.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанда көмір генерациясының ұлттық жобасы аясында 8 жаңа электр станциясы салынады, деп хабарлады энергетика министрлігі.Министрлік хабарлауынша, көмір генерациясын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған бекітілген Ұлттық жобасы электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты стратегиялық тұрғыдан өтеуге, еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын терең жаңғыртуға және Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.Жалпы қуаты 5,3 ГВт болатын жаңа құрылыс бағдарламасы еліміздің маңызды тораптарын қамтиды."Оған Курчатовтағы конденсациялық электр станциясы (700 МВт), қуатты Екібастұз ГРЭС-3 (2 640 МВт), Қарағандыдағы (350 МВт) және Екібастұздағы (180 МВт) ЖЭС, сондай-ақ Жезқазған (500 МВт), Көкшетау (240 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) қалаларындағы жаңа ЖЭО құрылысы кіреді", - деп жазылған хабарламада.Жоба тек генерацияны арттыруды ғана емес, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған станциялардың тиімділігін көтеруді де мақсат етеді. Жаңғырту нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейін 13%-ға төмендету жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20260322/qyzylorda-oblysynda-52-mlrd-tengege-qus-fabrikasy-salynady-62058676.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/10/61202105_40:0:1240:900_1920x0_80_0_0_1fca978e5556fad675377185087187b5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, жылу электр орталығы, құрылыс
министрлік, жылу электр орталығы, құрылыс
Қазақстанда 8 жаңа электр станциясы салынады
08:38 01.04.2026 (жаңартылды: 09:53 01.04.2026) Жалпы қуаты 5,3 ГВт болатын жаңа құрылыс бағдарламасы еліміздің маңызды тораптарын қамтиды
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанда көмір генерациясының ұлттық жобасы аясында 8 жаңа электр станциясы салынады, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Министрлік хабарлауынша, көмір генерациясын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған бекітілген Ұлттық жобасы электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты стратегиялық тұрғыдан өтеуге, еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын терең жаңғыртуға және Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
"Негізгі басымдық базалық энергия көздерінің құрылысына беріледі. 2030 жылға дейін 7,8 ГВт жаңа және жаңартылған қуаттарды іске қосу жоспарлануда, оның ішінде 8 жаңа электр станциясын салу және жұмыс істеп тұрған 11 станцияны жаңғырту көзделген", - дейді министрлікте.
Жалпы қуаты 5,3 ГВт болатын жаңа құрылыс бағдарламасы еліміздің маңызды тораптарын қамтиды.
"Оған Курчатовтағы конденсациялық электр станциясы (700 МВт), қуатты Екібастұз ГРЭС-3 (2 640 МВт), Қарағандыдағы (350 МВт) және Екібастұздағы (180 МВт) ЖЭС, сондай-ақ Жезқазған (500 МВт), Көкшетау (240 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) қалаларындағы жаңа ЖЭО құрылысы кіреді", - деп жазылған хабарламада.
Жоба тек генерацияны арттыруды ғана емес, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған станциялардың тиімділігін көтеруді де мақсат етеді. Жаңғырту нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейін 13%-ға төмендету жоспарланып отыр.