Қызылорда облысында 5,2 млрд теңгеге құс фабрикасы салынады

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуЦыплята
Цыплята - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2026
Жазылу
Кәсіпорын жобалық қуатына шыққан кезде 120 жаңа жұмыс орны ашылады
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында жылына 3,5 мың тонна өнім өндіретін құс фабрикасы іске қосылады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жаңақорған ауданында салынатын заманауи құс фабрикасы жылына 3,5 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге бағытталады.
"Жобаны іске асыру үшін 1 мың гектар жер учаскесі бөлінген. Жалпы құны 5,2 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын жобалық қуатына шыққан кезде 120 жаңа жұмыс орны ашылады", - деп жазылған хабарламада.
Жобаны жүзеге асыруға "Союз Пром Птица" компаниясы тартылған.
Қазіргі уақытта 12 құс қораларының 8-інің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар құс сою және инкубациялық цехтары, әкімшілік ғимараты мен техникалық қызмет көрсету нысаны толық дайын. Тоңазытқыш жабдықтары орнатылған.
Қазіргі таңда қалған төрт құс қорасының құрылысы жалғасуда, арнайы техника мен жабдықтарды сатып алу жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар нысанды пайдалануға беру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Жамбыл облысында жылына 70 мың тонна құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды
Жаңалықтар
0