Жамбыл облысында жылына 70 мың тонна құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды

© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаҚұс етін өңдейтін зауыт іске қосылды
Құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Жазылу
Зауыт өндірістің толық циклі бойынша жұмыс істейді, яғни жұмыртқаны инкубациялаудан дайын өнімді нарыққа жеткізуге дейін
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында жылына 70 мың тонна құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Құны 19,8 млрд теңгені құрайтын жоба "Алель Агро" АҚ тарапынан жүзеге асырылды. Кәсіпорын заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген, барлық өндірістік процесс халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келеді.
© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаҚұс етін өңдейтін зауыт іске қосылды
Завод по переработке мяса птицы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды
Зауыт өндірістің толық циклі бойынша жұмыс істейді — жұмыртқаны инкубациялаудан және құсты өсіруден бастап, терең өңдеу және дайын өнімді нарыққа жеткізуге дейін.
"Бүгінде кәсіпорын жылына шамамен 10 мың тонна құс етін өндіреді. 2025 жылдың соңына дейін қуаттылығы 4,6 мың тоннаны құрайтын үшінші бройлер фабрикасын іске қосу, сондай-ақ жалпы қуаттылығы 26 мың тонна болатын екі өндірістік алаң салу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
2028 жылға қарай өндірістің жылдық көлемі 69 мың тоннаға жетеді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Жамбыл облысында үш ірі құс шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді: екеуі — құс етін өндіру бойынша, біреуі — жұмыртқа өндіру бойынша.
Газ құбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Жаңаөзенде мұнай-газ саласына арналған жаңа зауыт ашылды
Жаңалықтар
0