Жаңаөзенде мұнай-газ саласына арналған жаңа зауыт ашылды

© PhotoГаз құбыры
Газ құбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Жазылу
Өндіріс іске қосылған соң 250 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Жаңаөзен қаласында "Каскор-Машзавод" ЖШС-нің жаңа зауыты ашылды, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
"Бұл зауыттың іске қосылуы – Жаңаөзен қаласының экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті тұрғындарды тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зауыт еліміздің мұнай-газ саласы үшін маңызды өнім өндіретін отандық кәсіпорынға айналатынына сенеміз", – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Жаңа кәсіпорын жылына 540 мың дана сорғы штангасын, 51 мың тонна сорғы-компрессорлық құбырларды және футеровкалы сорғы-компрессорлық құбырларды өндіруге қауқарлы.
Өндіріс іске қосылған соң 250 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.
Салтанатты іс-шарада сала ардагерлері мен өндіріс қызметкерлеріне облыс әкімінің және кәсіпорынның алғыс хаттары мен мерейтойлық медальдар табысталды.
Орал қаласында қайтарылған активтер есебінен дарынды балаларға арналған мектеп-лицей ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Қайтарылған активтер: Оралда жаңа мектеп ашылды
Жаңалықтар
0