Қайтарылған активтер: Оралда жаңа мектеп ашылды

Орал қаласында қайтарылған активтер есебінен дарынды балаларға арналған мектеп-лицей ашылды
Орал қаласында қайтарылған активтер есебінен дарынды балаларға арналған мектеп-лицей ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Жазылу
Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан мектеп құрылысына 2,8 млрд теңге бөлген болатын
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Орал қаласында қайтарылған активтер есебінен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицейі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады үкімет.
Жаңа білім ордасы 1952 жылы салынған апатты мектептің орнына салынды.
"2018 жылы 320 орындық мектеп ғимараты апатты деп танылды. Мемлекет басшысының саясаты арқасында сапалы білім беру жолында еліміздің өңірінде көптеген білім ордасы қолданысқа берілді. Соның бірі – облыстық дарынды балаларға арналған №8 мамандандырылған мектеп-лицейі. 2025 жылы заманауи талаптарға сай, көпқабатты 400 орындық ғимарат қолданысқа берілді", - дейді мектеп-лицей директоры Алима Саурова.
Бұған дейін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан мектеп құрылысына 2,8 млрд теңге бөлген болатын.
Жаңа ғимарат 400 оқушыға шақталып салынған және балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған.
Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2025
Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды
Жаңалықтар
0