https://sputnik.kz/20250916/qaytarylgan-aktivter-qaragandy-oblysynda-meditsinalyq-punkt-ashyldy-57094952.html
Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды
Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды
Sputnik Қазақстан
Медициналық пункт 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетуге арналған және заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған 16.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-16T09:50+0500
2025-09-16T09:50+0500
2025-09-16T09:53+0500
үкімет
қарағанды
медицина
https://sputnik.kz/img/07e9/09/10/57094654_0:3:1206:681_1920x0_80_0_0_4be4487fd923cf4d801ec78d06fd01dc.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек - Sputnik. Қарағанды облысы Шет ауданы Еңбекшіл ауылында жаңа медициналық пункт жұмысын бастады, деп хабарлады үкімет.Әлеуметтік нысан елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен салынды.Шет ауданында ашылған медициналық пункт өңірде қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан жалғыз медициналық жоба емес. Жыланды ауылында да жаңа медициналық пункттің құрылысы жүріп жатыр, дейді үкіметтегілер.Сонымен қатар Қарағанды облысында Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражатқа жоспарланған 51 медициналық мекеменің 24-і салынды, оның 11-і пайдалануға берілді. Қалған 27 нысанның құрылысы жалғасуда. Оларды тапсыру биыл қыркүйек айының соңына жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20250903/qaytarylgan-aktivter-batys-qazaqstandagy-auyldardy-sumen-zhabdyqtauga-qarazhat-bolindi-56776535.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/10/57094654_148:0:1059:683_1920x0_80_0_0_b8b9a7d8d684469e25e313d77712bfa1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, қарағанды, медицина
үкімет, қарағанды, медицина
Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды
09:50 16.09.2025 (жаңартылды: 09:53 16.09.2025) Медициналық пункт 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетуге арналған және заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған
АСТАНА, 16 қыркүйек - Sputnik. Қарағанды облысы Шет ауданы Еңбекшіл ауылында жаңа медициналық пункт жұмысын бастады, деп хабарлады үкімет.
Әлеуметтік нысан елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен салынды.
"Медициналық пункт 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетуге арналған және заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Ғимаратта дәрігерге дейінгі қарау, тексеру және ем-шаралар кабинеттері бар. Шұғыл жағдайларға жедел ден қою үшін мекемеге аудандық аурухананың реанимобиль көлігі бекітілген", - деп жазылған хабарламада.
Шет ауданында ашылған медициналық пункт өңірде қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан жалғыз медициналық жоба емес. Жыланды ауылында да жаңа медициналық пункттің құрылысы жүріп жатыр, дейді үкіметтегілер.
Сонымен қатар Қарағанды облысында Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражатқа жоспарланған 51 медициналық мекеменің 24-і салынды, оның 11-і пайдалануға берілді. Қалған 27 нысанның құрылысы жалғасуда. Оларды тапсыру биыл қыркүйек айының соңына жоспарланып отыр.