https://sputnik.kz/20250903/qaytarylgan-aktivter-batys-qazaqstandagy-auyldardy-sumen-zhabdyqtauga-qarazhat-bolindi-56776535.html
Қайтарылған активтер: Батыс Қазақстандағы ауылдарды сумен жабдықтауға қаражат бөлінді
Қайтарылған активтер: Батыс Қазақстандағы ауылдарды сумен жабдықтауға қаражат бөлінді
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда Арнаулы мемлекеттік қордан 400-ден астам әлеуметтік маңызы бар жобаны салуға 375 млрд теңге бағытталды 03.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-03T09:35+0500
2025-09-03T09:35+0500
2025-09-03T09:44+0500
үкімет
батыс қазақстан облысы
қаражат
https://sputnik.kz/img/79/27/792780_57:0:1042:554_1920x0_80_0_0_aea5bd4a204950675d3eb366fd79e5fe.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Арнаулы мемлекеттік қордан Батыс Қазақстан облысында сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша 11 жобаны жүзеге асыруға 5,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкімет.4,3 млрд теңге көлеміндегі қаржыландырудың негізгі сомасы 9 нысанға бөлінетін болады.Сондай-ақ бұрын Бәйтерек ауданы Кирсанов ауылының тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге және Жәнібек ауданындағы Урдин топтық су құбырын қайта жаңартуға 1,2 млрд теңге бағытталады. Бүгінгі таңда жұмыс 60% орындалды, дейді үкіметтегілер.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша Батыс Қазақстан облысындағы ағымдағы қолжетімділік деңгейі қалаларда 100%-ды, ал ауылдық елді мекендерде 97%-ды құрайды.Бүгінгі таңда Арнаулы мемлекеттік қордан 400-ден астам әлеуметтік маңызы бар жобаны салуға 375 млрд теңге бағытталды. Мектептер, ауруханалар, спорт кешендері, сумен жабдықтау нысандары және басқа да нысандар салынып жатыр. Қазірдің өзінде 44 нысан аяқталып, ел игілігіне берілді.
https://sputnik.kz/20250806/qaytarylgan-aktivter-qyzylorda-oblysynda-7-mlrd-tengege-meditsinalyq-nysandar-salynady-56184195.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/79/27/792780_180:0:919:554_1920x0_80_0_0_429918ecc400dec83460729900a6d5cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, батыс қазақстан облысы, қаражат
үкімет, батыс қазақстан облысы, қаражат
Қайтарылған активтер: Батыс Қазақстандағы ауылдарды сумен жабдықтауға қаражат бөлінді
09:35 03.09.2025 (жаңартылды: 09:44 03.09.2025) Бүгінгі таңда Арнаулы мемлекеттік қордан 400-ден астам әлеуметтік маңызы бар жобаны салуға 375 млрд теңге бағытталды
АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Арнаулы мемлекеттік қордан Батыс Қазақстан облысында сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша 11 жобаны жүзеге асыруға 5,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкімет.
4,3 млрд теңге көлеміндегі қаржыландырудың негізгі сомасы 9 нысанға бөлінетін болады.
"1,8 млрд теңге 1,7 мыңнан астам тұрғыны бар Қаратөбе ауданының Төлен, Сәуле және Қарақамыс елді мекендеріне жаңа тармақ салу арқылы сумен жабдықтаудың магистралды жүйелерін салуға, 2,5 млрд теңге Теректі, Қаратөбе аудандарының 8 ауылында, сондай-ақ Бәйтерек ауданында сумен жабдықтау желілерін салуға бағытталды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ бұрын Бәйтерек ауданы Кирсанов ауылының тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге және Жәнібек ауданындағы Урдин топтық су құбырын қайта жаңартуға 1,2 млрд теңге бағытталады. Бүгінгі таңда жұмыс 60% орындалды, дейді үкіметтегілер.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша Батыс Қазақстан облысындағы ағымдағы қолжетімділік деңгейі қалаларда 100%-ды, ал ауылдық елді мекендерде 97%-ды құрайды.
Бүгінгі таңда Арнаулы мемлекеттік қордан 400-ден астам әлеуметтік маңызы бар жобаны салуға 375 млрд теңге бағытталды. Мектептер, ауруханалар, спорт кешендері, сумен жабдықтау нысандары және басқа да нысандар салынып жатыр. Қазірдің өзінде 44 нысан аяқталып, ел игілігіне берілді.