Абай облысында "Күміс алқа" иегері адам саудасымен айналысқан

© Sputnik / Кирилл КаллиниковМужчина пьет чай в морозную погоду, архивное фото
Мужчина пьет чай в морозную погоду, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2026
Жазылу
Адам саудасымен айналысқан әйел 6 жылға бас бостандығынан айырылды
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Абай облысының Аягөз ауданында көпбалалы ана, "Күміс алқа" иегері адам саудасымен айналысқан, деп хабарлайды облыстық сот.
Істі Аягөз аудандық соты қарады. Тағылған айып – адам саудасы, адамды жалдау, тасымалдау және беру, бірнеше рет алдау және сенімді теріс пайдалану.
"2024-2025 жылдары Аягөз қаласының тұрғыны ішкілікке салынған әлеуметтік осал азаматтарды іздеп тауып, олардың сеніміне кірген. Тіпті психологиялық қысым көрсеткен. Жұмысқа орналастырамын деп алдап, шаруа қожалықтарына апарады. Ал қожалықтар берген ақшаны өз пайдасына жұмсаған", - дейді сот.
Іс материалдары бойынша бес эпизод анықталды. Сотталушы жәбірленушілерді Семейдегі вокзал мен базарлардың жанында мас боп жүрген жерінен тапқан.
"Жұмысқа орналастырамын деп олардың сеніміне кірген. Бірақ кейбірін тіпті қозғалыс еркіндігінен шектеп, психологиялық қысым көрсеткен. Алдын ала уағдаластық бойынша шаруа қожалықтарының басшылары әйелдің жеке шотына 100 000-нан 400 000 теңгеге дейін аударған", - дейді Абай облыстық соты.
Әйел кінәсін мойындап, өкінетіндігін айтқан. Жәбірленушілер әйелмен татуласқанын, тіпті кешіргенін жеткізіп, әйелді бас бостандығынан айырмауды сұрапты.
Сотталушының "Күміс алқа" иегері болуы жазаны біршама жеңілдеткен. Алайда адам саудасымен айналысқан әйел 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтейді.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2024
"Баланы 100 мың теңгеге сатады": Қазақстанда адам саудасы үшін жаза күшейтіледі
Жаңалықтар
0