"Баланы 100 мың теңгеге сатады": Қазақстанда адам саудасы үшін жаза күшейтіледі

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2024
Жазылу
Былтыр Қазақстанда адам саудасына қатысты 19 факт тіркелген
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Бүгін мәжіліс депутаттары "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" жаңа заңды екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Негізгі өзгерістер

Қылмыстық кодекске адам саудасымен байланысты қылмыстың жаңа санаттары енгізіледі. Ал "адамды қанау" түсінігі мәжбүрлеу әдістерін кеңейту тұрғысынан халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі. Адам саудасына қатысты қылмыстар бойынша тараптардың татуласу мүмкіндігі болмайды.
Заңға "жезөкшелік" түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен телекоммуникация және интернет желісі арқылы көрсету енгізілген. Ал жәбірленушінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу құқығы бекітіледі. Жекелеген қылмыстар бойынша арнайы қордан өтемақы беріледі.
Бұдан бөлек, жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағаны үшін медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылады.

Биыл үш нәрестені сатқан

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, былтыр Қазақстанда адам саудасына қатысты 19 факт тіркелген.
"Бүгінде осы істердің басым бөлігі аяқталды. Шамамен 16-17 адам жауапқа тартылды. Биыл жаңа туған нәрестені сату бойынша үш оқиға тіркелді", - деді Қожаев мәжіліс отырысынан кейінгі брифингте.
Оның айтуынша, нәрестелерді сыртқа емес, елдің ішінде сатқан.
"Олжерде түрлі бағаға сатқан. Бір нәресте үшін 100 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін сұраған", - деп атап көрсетті министрдің орынбасары.
Заң бойынша ондай қылмыстар үшін 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0