Сарыағаш тұрғыны жалға алған үйлерде ойын бизнесін ұйымдастырған

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2026
Жазылу
Сотталған адамнан ойын бизнесін ұйымдастырудан түскен заңсыз табыс — 20,9 теңге мемлекет пайдасына өндірілді
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Сарыағаш ауданының тұрғыны ойын бизнесі саласында заңсыз қызметті ұйымдастырған, деп хабарлады бас прокуратура.
йОл бірнеше үй-жайды жалға алып, онда ойын автоматтарын орнатқан және интернет арқылы тыйым салынған құмар ойындарға қолжетімділікті қамтамасыз еткен. Заңсыз қызметтен түскен жалпы табыс 20,9 млн теңгеден астам соманы құраған", - деп жазылған хабарламада.
Үкіммен оған бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда, заңсыз алынған табысқа қатысты шешім шықпаған.
Жоғарғы соттың түсіндірмелеріне сәйкес, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған табыс кінәлі адамнан алынуға және мемлекет пайдасына өндірілуі тиіс.
Бұл ереже қандай да бір шығыстарды шегермей, тауарларды өткізуден алынған қаражаттың барлық сомасына қолданылады.
Бас прокуратураның кассациялық тәртіппен енгізген наразылығы бойынша сот актілері өзгертілді.
Сотталған адамнан ойын бизнесін ұйымдастырудан түскен заңсыз табыс — 20,9 теңге мемлекет пайдасына өндірілді, дейді прокуратурада.
Фишки в казино, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2026
Ұлытау облысында 40-қа жуық мемлекеттік қызметші құмар ойын ойнаған
Жаңалықтар
0