Мьянма ЕАЭО елдері үшін келесі сауда серіктесі болуы мүмкін

© Sputnik/Ертай СарбасовЕАЭО нышандары
ЕАЭО нышандары - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2026
Жазылу
Таяу Шығыс елдері де басымдықта болып қала береді
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Мьянма ЕАЭО елдері үшін келесі сауда серіктесі бола алады, деді видеоконференция барысында РҒА Халықаралық экономикака және халықаралық қатынастар институтының аға ғылыми қызметкері Анна Великая.
"Егер біз Оңтүстік-Шығыс Азияны алып қарасақ, онда Мьянма сияқты ел әлемдегі ең ірі бидай экспорты нарықтарының бірін байланыстыратын перспективалы серіктес бола алады. Африка елдері де басымдық болып табылады", - деді ол.
Сонымен қатар, Беларусь стратегиялық зерттеулер институтының талдаушысы Ольга Лазоркинаның айтуынша, Таяу Шығыс елдері де басымдықта болып қала береді.
"Таяу Шығыс елдері ЕАЭО-мен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты, өте жоғары деңгейдегі қызығушылық танытты. Олар ұйымның артықшылықтарын, әсіресе серіктес елдерге ұсынылған құқықтық база мен дайын модельді жоғары бағалады", - деді ол.
Лазоркинаның айтуынша, бұл аймақтағы елдермен серіктестік біршама кейінірек болады.
Председатель правительства РФ Михаил Мишустин - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
ЕАЭО елдерінің жалпы ішкі өнімі 1,7%-ке өсті – Мишустин
Жаңалықтар
0