ЕАЭО елдерінің жалпы ішкі өнімі 1,7%-ке өсті – Мишустин

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуПредседатель правительства РФ Михаил Мишустин
Председатель правительства РФ Михаил Мишустин - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Жазылу
Ресей премьерінің айтуынша, Еуропалық одаққа қарағанда көрсеткіштер әлі де жоғары
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөз сөйледі.
Ол ЕАЭО жалпы ішкі өнімнің өсуі және бірлестік экономикаларының табысты дамуы туралы айтты.
"Күрделі сыртқы конъюнктураға, жаһандық нарықтардағы турбуленттіліктің күшеюіне қарамастан, өткен жылдың қорытындысы бойынша одақтың жалпы ішкі өнімі 1,7%-ке өсті. Бұл Еуропалық одаққа қарағанда әлі де жоғары. Өнеркәсіп, құрылыс, бөлшек сауда және ауыл шаруашылығы өсудің драйверіне айналды, сыртқы сауда-экономикалық байланыстар кеңейіп келеді", - деп атап өтті Ресей премьері.
Сонымен қатар Мишустин ЕАЭО компанияларына бірлескен өнеркәсіптік бастамаларды іске асыру үшін жеңілдетілген несиелерге 9 млрд рубль немесе 52,6 млрд теңге қолжетімді екенін айтты.
"Индустриялық кооперациялық жобаларды қолдауды күшейтеміз. "Бестік" бизнесінің бірлескен өнеркәсіптік бастамаларын іске асыруға арналған кредиттер бойынша тиісті пайыздық мөлшерлемелерді одақтық бюджет қаражаты есебінен субсидиялаймыз. Қазір бұл мақсаттар үшін шамамен 9 миллиард рубль бар. Менің ойымша, бұл жеткіліксіз", - деді Мишустин.
Сондай-ақ премьер ЕАЭО бюджеті туралы ережеге агроөнеркәсіп кешені жобаларына жеңілдікпен қолдау алуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілгенін айтты.
"Олардың жүзеге асуы елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, адамдардың мүддесін қозғайтын бұл салада технологиялық егемендікке қол жеткізуге ықпал етеді",-деп атап өтті Ресей премьер-министрі.
Бұған дейін Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов ЕАЭО экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге бағдарланғанын айтқан болатын.
Межправительственный совет ЕАЭС в расширенном составе проходит в Шымкенте - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Қазақстан ЖИ базасында ЕАЭО-дағы жүк ағындарын үйлестіру платформасын құруды ұсынды
Жаңалықтар
0