https://sputnik.kz/20260330/reseyde-zhumysshylar-lagerindegi-oqigadan-keyin-ush-qazaqstandyqqa-qatysty-tergeu-zhurip-zhatyr-62256103.html
Ресейде жұмысшылар лагеріндегі оқиғадан кейін үш қазақстандыққа қатысты тергеу басталды
Ресейде жұмысшылар лагеріндегі оқиғадан кейін үш қазақстандыққа қатысты тергеу басталды
Sputnik Қазақстан
Олар 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды 30.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-30T09:47+0500
2026-03-30T09:47+0500
2026-03-30T09:56+0500
ресей
қазақстандықтар
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1e/62255273_0:95:956:634_1920x0_80_0_0_2903c2f36de04a52025ba86f38a4fdea.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының Усть-Лугадағы вахталық кентіндегі жағдайға қатысты түсініктеме берді.2026 жылдың 28 наурызда Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдық қызметкерлері Усть-Лугадағы вахталық кентте жұмыс істейтін ҚР азаматтарымен, оның ішінде тұрмыстық жанжал нәтижесінде ұсталған азаматтармен кездесу өткізді.Аталған кентте шамамен 15 мың адам тұрады, олардың барлығы Ресейдің ірі экспорттық порттарының бірін салуға қатысатын түрлі мердігер ұйымдардың вахталық қызметкерлері. Тағы үш қазақстандыққа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккен немесе медициналық көмекке мұқтаж тұлғалар жоқ. Олардың барлығына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.Қазіргі уақытта вахталық кенттегі жағдай тұрақты. Оқиғаға қатысқан екі тарапқа қатысты тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
https://sputnik.kz/20260328/auyr-zharaqat-algandar-zhoq---sim-reseyde-zhappay-tobeleske-qatysqan-qazaqstandyqtar-turaly-62231847.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1e/62255273_11:0:924:685_1920x0_80_0_0_8bbd43bbbe869f121fa582bda0c7be61.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, қазақстандықтар
Ресейде жұмысшылар лагеріндегі оқиғадан кейін үш қазақстандыққа қатысты тергеу басталды
09:47 30.03.2026 (жаңартылды: 09:56 30.03.2026) Олар 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының Усть-Лугадағы вахталық кентіндегі жағдайға қатысты түсініктеме берді.
2026 жылдың 28 наурызда Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдық қызметкерлері Усть-Лугадағы вахталық кентте жұмыс істейтін ҚР азаматтарымен, оның ішінде тұрмыстық жанжал нәтижесінде ұсталған азаматтармен кездесу өткізді.
Аталған кентте шамамен 15 мың адам тұрады, олардың барлығы Ресейдің ірі экспорттық порттарының бірін салуға қатысатын түрлі мердігер ұйымдардың вахталық қызметкерлері.
"Бастапқыда тәртіпсіздіктерге бірнеше жүз адам қатысқан. Оқиғадан кейін әртүрлі елдердің 30-дан астам азаматы ұсталды. Алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін ұсталғандардың басым бөлігі босатылды. Бірқатар тұлғаларға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына қатысты 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы сот шешімдері қабылданды", - делінген хабарламада.
Тағы үш қазақстандыққа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккен немесе медициналық көмекке мұқтаж тұлғалар жоқ. Олардың барлығына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.
"Вахталық кенттің өзінде компания қызметкерлері, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары, жұмыс беруші компания мен күзет агенттігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында орын алған жағдай сындарлы түрде талқыланып, алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу шаралары қарастырылды", - дейді Сыртқы істер министрлігі.
Қазіргі уақытта вахталық кенттегі жағдай тұрақты. Оқиғаға қатысқан екі тарапқа қатысты тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.