https://sputnik.kz/20260328/auyr-zharaqat-algandar-zhoq---sim-reseyde-zhappay-tobeleske-qatysqan-qazaqstandyqtar-turaly-62231847.html
Ауыр жарақат алғандар жоқ - СІМ Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар туралы
Ауыр жарақат алғандар жоқ - СІМ Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар туралы
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта тергеу шаралары жалғасып жатыр 28.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-28T11:23+0500
2026-03-28T11:23+0500
2026-03-28T11:29+0500
сыртқы істер министрлігі
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/81/17/811712_0:102:980:653_1920x0_80_0_0_1c37484ccf38460453adfb9b74cc54f4.jpg
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ленинград облысында жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар туралы мәліметпен бөлісті.Еске салайық, 2026 жылдың 26 наурызында Ленинград облысының Усть-Луга вахталық кентінде төбелес шыққан. Оған қатысқандар арасында Қазақстан азаматтары да болды.Қазіргі уақытта тергеу шаралары жалғасып жатыр."Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қазақстан азаматтары арасында ауыр жарақат алған немесе ауруханаға жатқызуды қажет ететін адамдар жоқ. Оқиға орнындағы жағдай тұрақты және құзыретті қызметтердің бақылауында", - деді СІМ өкілі.Ол Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының өкілдерімен тұрақты байланыста екенін жеткізді.Сонымен қатар Қазақстан Бас консулы азаматтарымызға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсету және барлық мән-жайды нақтылау үшін оқиға орнына барған.
https://sputnik.kz/20260327/reseyde-qazaqstandyqtardyn-qatysuymen-zhappay-tobeles-boldy--ministrliktin-resmi-zhauaby--62221480.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/81/17/811712_20:0:891:653_1920x0_80_0_0_2dafb2d1b8c2f68dafc77175b10c1059.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыртқы істер министрлігі, қазақстан, ресей
сыртқы істер министрлігі, қазақстан, ресей
Ауыр жарақат алғандар жоқ - СІМ Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар туралы
11:23 28.03.2026 (жаңартылды: 11:29 28.03.2026) Қазіргі уақытта тергеу шаралары жалғасып жатыр
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ленинград облысында жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар туралы мәліметпен бөлісті.
Еске салайық, 2026 жылдың 26 наурызында Ленинград облысының Усть-Луга вахталық кентінде төбелес шыққан. Оған қатысқандар арасында Қазақстан азаматтары да болды.
"Оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті түрде анықтау мақсатында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары тиісті процестік іс-шараларды жүзеге асырды, оның ішінде жанжалға қатысушыларды қамауға алды", - деді СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев.
Қазіргі уақытта тергеу шаралары жалғасып жатыр.
"Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қазақстан азаматтары арасында ауыр жарақат алған немесе ауруханаға жатқызуды қажет ететін адамдар жоқ. Оқиға орнындағы жағдай тұрақты және құзыретті қызметтердің бақылауында", - деді СІМ өкілі.
Ол Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының өкілдерімен тұрақты байланыста екенін жеткізді.
Сонымен қатар Қазақстан Бас консулы азаматтарымызға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсету және барлық мән-жайды нақтылау үшін оқиға орнына барған.