Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы жағдайды реттеу бойынша АҚШ ұсыныстары жүзеге аспай жатыр – Ушаков

© БелТА / Медиабанкке өтуРоссийско-украинские переговоры в Беларуси
Российско-украинские переговоры в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. АҚШ Украинадағы дағдарысты реттеу жөнінде бірқатар қызықты ұсыныс жасаған, алайда олар әзірге жүзеге асырылмай отыр, деп мәлімдеді Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
"АҚШ бірқатар қызықты, тіпті пайдалы деуге болатын ұсыныс айтты, бірақ әзірге олар іске асырылмай отыр", — деді Ушаков "Вести" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.
Ол америкалық әріптестерін Анкориджде жасалған келісімді орындауды шақырады.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ басшысы Дональд Трамп егер Джо Байденнің орнына президент болғанымда Киевке көмек көрсетпес едім деп мәлімдеді.
"Украина біздің соғысымыз емес, бірақ біз оларға көмектестік. Егер мен президент болғанымда, ешқандай көмек көрсетпес едім. Бұл соғыс ешқашан басталмас еді", - деді Трамп Майамидегі инвестициялық форумда сөйлеген сөзінде.
Президент США Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Байденнің орнында болғанымда Украинаға көмектеспес едім - Трамп
Жаңалықтар
0