Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Байденнің орнында болғанымда Украинаға көмектеспес едім - Трамп

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуПрезидент США Дональд Трамп
Президент США Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2026
Жазылу
Украина біздің соғысымыз емес, бірақ біз оларға көмектестік, деді АҚШ президенті
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Дональд Трамп егер АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденнің орнына президент болғанда Киевке көмек көрсетпес едім деп мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Украина біздің соғысымыз емес, бірақ біз оларға көмектестік. Егер мен президент болғанымда, ешқандай көмек көрсетпес едім. Бұл соғыс ешқашан басталмас еді", - деді Трамп Майамидегі инвестициялық форумда сөйлеген сөзінде.
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ Украинадағы қақтығыстың тоқтатағанын қалайтынын айтқан болатын.
15 наурызда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина бойынша келіссөздер тоқтатылғанын, АҚШ басқа мәселелерге назар аударғанын хабарлады. Кейінірек ол Ресей келіссөздердің жаңа кезеңін күтетінін, бірақ орны мен уақыты айқын себептермен әлі анықталмағанын айтты.
Жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары АҚШ-тың қатысуымен келіссөздердің үш кезеңін өткізді. Соңғы кезеңін 17-18 ақпанда Женевада өтті.
Марко Рубио - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Ресей мен Украина арасында атысты тоқтатуға қол жеткізгісі келеді - Рубио
Жаңалықтар
0