Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Ресей мен Украина арасында атысты тоқтатуға қол жеткізгісі келеді - Рубио

© REUTERS / Jonathan ErnstМарко Рубио
Марко Рубио - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Жазылу
Ол Ресей қазір ең алдымен Украинадағы қақтығысқа басымдық беріп отырғанын мәлімдеді
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасында атысты тоқтату туралы келісімге мүмкіндігінше тезірек қол жеткізуді көздейді, деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио жұма күні.
"Бүгін G7 саммитінде мен президент Трамптың атысты тоқтатуға және Ресей-Украина қақтығысын мүмкіндігінше тезірек келіссөздер арқылы шешуге деген мұстанымын тағы да растадым", - деп жазды Рубио әлеуметтік желіде.
Мемлекеттік хатшы бұған дейін Мәскеудің Иранға қолдау көрсету деңгейі туралы сұраққа жауап бере келе, Ресей қазір ең алдымен Украинадағы қақтығысқа басымдық беріп отырғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар ол АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыстың неге әлі күнге аяқталмай жатқанын түсінбей отырғанын хабарлаған болатын.
Оның айтуынша, Трамп Мәскеу мен Киевтің қақтығысын тоқтату үшін көп жұмыс атқарған.
Еуропа Украинаға АҚШ-сыз кепілдік бере алмайды - Рубио - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуропа Украинаға АҚШ-сыз кепілдік бере алмайды - Рубио
Жаңалықтар
0