https://sputnik.kz/20260326/qazaqstannyn-ush-oblysynda-su-qoymalaryna-shagyn-ses-salu-zhobasy-azirlenip-zhatyr-62162309.html
Қазақстанның үш облысында су қоймаларына шағын СЭС салу жоспарланған
Қазақстанның үш облысында су қоймаларына шағын СЭС салу жоспарланған
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда шағын СЭС орнатуға жарамды 29 нысан іріктеліп алынды 26.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-26T09:55+0500
2026-03-26T09:55+0500
2026-03-26T10:01+0500
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1f/56078284_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_d5c2e381436e14fb857291c41b2941d5.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр. Қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сондай-ақ тағы бес нысан бойынша жобалау-сметалық құжат әзірленді.Қазіргі таңда шағын СЭС орнатуға жарамды 29 нысан іріктеліп алынған. "Жол картасын іске асыру нәтижесінде "Қазсушар" РМК-ның гидротехникалық нысандарында жыл сайын өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі 30 МВт-қа жетеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын теңгерімінде үш шағын СЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі "Достық" гидроторабында орналасқан", - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
https://sputnik.kz/20260218/qazaqstandagy-su-qoymalary-tasqyn-sudy-qabyldauga-dayyn-61253720.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1f/56078284_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_f18db9b94f42dda82938ed755499a3a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік
Қазақстанның үш облысында су қоймаларына шағын СЭС салу жоспарланған
09:55 26.03.2026 (жаңартылды: 10:01 26.03.2026) Қазіргі таңда шағын СЭС орнатуға жарамды 29 нысан іріктеліп алынды
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" мекемесі Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын су электр станцияларын (СЭС) салу бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр.
Қазіргі уақытта үш жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сондай-ақ тағы бес нысан бойынша жобалау-сметалық құжат әзірленді.
"Оның ішінде үш жоба жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар былтыр қыркүйек айында қабылданған "Қазсушар" РМК-ның гидротехникалық құрылысжайларында шағын СЭС дамыту жөніндегі Жол картасы аясында жүргізіліп отыр", - деп жазлы министрлік.
Қазіргі таңда шағын СЭС орнатуға жарамды 29 нысан іріктеліп алынған.
"Жол картасын іске асыру нәтижесінде "Қазсушар" РМК-ның гидротехникалық нысандарында жыл сайын өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі 30 МВт-қа жетеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын теңгерімінде үш шағын СЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі "Достық" гидроторабында орналасқан", - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.