Қазақстандағы су қоймалары тасқын суды қабылдауға дайын - министрлік

© Sputnik / Илья Наймушин / Медиабанкке өтуГЭС
ГЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта елдің солтүстігіндегі ірі су қоймалары орта есеппен 70%-ға, орталық өңірлерде – 68%-ға толған
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстандағы су қоймалары тасқын суды қабылдауға дайын, деп хабарлады су ресустары және ирригация министрлігі.
Қазір Қазақстанның солтүстік, орталық, батыс және шығыс өңірлеріндегі су қоймаларында бос сыйымдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал оңтүстік аймақтардағы су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеуді бастап кетті.
"Қазіргі уақытта елдің солтүстігіндегі ірі су қоймалары орта есеппен 70%-ға, орталық өңірлерде – 68%-ға толған. Батыс өңірлерде бұл көрсеткіш 48%-ды, шығыс өңірлерде 86%-ды құрайды. Бүгінде республикадағы ірі су қоймаларындағы жалпы бос сыйымдылық 14,3 млрд текше метрден асады. Күтілетін су көлемі 9,1-13,9 млрд текше метр көлемінде болжанып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар шекаралас мемлекеттермен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Ресей Федерациясымен бірлесіп су тасқыны кезінде өзара іс-қимыл жасау үшін 2025 жылы арнайы жұмыс тобы құрылды.
Осы айдың басында жұмыс тобының төртінші отырысына дайындық мәселелері талқыланған жиын өтті. Жайық өзені бассейніндегі су көлеміне қатысты нақты болжам наурыз айының басында ұсынылады. Ресей тарапының алдын ала деректеріне сәйкес, тасқын кезеңінде Ирикла су қоймасынан секундына 200 текше метрден аспайтын көлемде су жіберу жоспарланып отыр.
Подача воды аграриям  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2026
Көктемгі су тасқынына дайындық: 110 шақырым өзен арнасы тазартылып жатыр
Жаңалықтар
0