Қазақстанның екі ауданында пойыз кестесі өзгереді – депутаттар дабыл қақты

Пассажирский поезд  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Жазылу
1 сәуірден бастап пойыз қатынасының кестесі өзгереді
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Сенаторлар Ақмола облысындағы екі ауданда пойыз қатынасын қысқартуға қарсылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоғары палатаға Ақкөл мен Жақсы аудандарының мәслихат депутаттары шағымданды. Ол жақта 1 сәуірден бастап пойыз қатынасының кестесі өзгереді. Оған сәйкес, екі ауданда бірнеше маңызды бағыттағы пойыз тоқтамайды.
Ақкөл ауданында 4 пойыз:
Қызылорда – Петропавл;
Қарағанды – Мәскеу;
Алматы – Казань;
Астана – Омбы.
"Ақкөл станциясы біраз адамды теміржол қатынасымен қамтамасыз етіп отыр. Атап айтқанда, сол ауданның 22 мыңнан астам тұрғыны, Степногор қаласының шамамен 445 мың тұрғыны, бұдан бөлек, маңайдағы ауылдар мен кенттерде тұратын 30 мыңнан астам адам бар. Осылайша, бұл мәселе 100 мыңнан астам адамға қатысты. Ақкөлде пойыздар тоқтамаса, халықтың қаржылай шығындары артады", - дейді сенатор Талғат Жүнісов.
Ал Жақсы ауданында екі бағыттағы пойыздың аялдамасын алып тастау жоспарланып отыр. Олар: "Қостанай - Алматы" мен "Семей - Маңғыстау". Қазіргі кезде ауданда шамамен 16 мың адам тұрады.
"Көбісі теміржол қатынасын пайдаланады. Осы ауданда тұратын студенттердің көп бөлігі Қостанай және басқа қалаларда оқиды. Басқа өңірлерге барып көрінетін зейнеткерлер де теміржолмен жиі жүреді", - деді сенатор.
Жүнісов үкіметке депутаттық сауал жолдап, осы мәселені қайта қарауды сұрады.
Пассажирский поезд - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2026
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша үш пойыз іске қосылады
Жаңалықтар
0