https://sputnik.kz/20260213/nauryz-merekesi-qarsanynda-ush-qosymsha-poyyz-iske-qosylady-61136204.html
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша үш пойыз іске қосылады
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша үш пойыз іске қосылады
Sputnik Қазақстан
"Жолаушылар тасымалы" АҚ қазақстандықтар үшін 35 мың қосымша орын ұсынады 13.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-13T12:10+0500
2026-02-13T12:10+0500
2026-02-13T12:16+0500
наурыз мейрамы
наурыз
билет
теміржол билеті
https://sputnik.kz/img/07ea/02/02/60854701_0:80:1536:944_1920x0_80_0_0_3259154c90f93a90841bcf8d46a24a1f.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда қосымша үш пойыз іске қосылады. Бұл 35 мың қосымша орын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Көлік министрлігі.Пойызбен жолаушылайтындар саны күрт артқан. Сондықтан Наурыз мейрамы кезеңінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды.Мереке күндерінде билет қолжетімді болады.Қосымша пойыздар қозғалысы:№201/202 "Алматы-2 – Астана-1"Барлығы — 6 рейс болады.№204/203 "Астана Нұрлы жол – Шымкент"Барлығы — 8 рейс.№205/206 "Ақтөбе – Астана Нұрлы жол"Барлығы — 6 рейс болады.Билет bilet.railways.kz ресми сайтында және теміржол вокзалдарының кассаларында сатылады.Анықтамалық ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/02/60854701_86:0:1451:1024_1920x0_80_0_0_be17a44792c77b2e9e01343a5634b396.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз мейрамы, наурыз, билет, теміржол билеті
наурыз мейрамы, наурыз, билет, теміржол билеті
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша үш пойыз іске қосылады
12:10 13.02.2026 (жаңартылды: 12:16 13.02.2026) "Жолаушылар тасымалы" АҚ қазақстандықтар үшін 35 мың қосымша орын ұсынады
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда қосымша үш пойыз іске қосылады. Бұл 35 мың қосымша орын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Көлік министрлігі.
Пойызбен жолаушылайтындар саны күрт артқан. Сондықтан Наурыз мейрамы кезеңінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды.
"Сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізіледі. Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады", - дейді министрлік.
Мереке күндерінде билет қолжетімді болады.
Қосымша пойыздар қозғалысы:
№201/202 "Алматы-2 – Астана-1"
Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.
№204/203 "Астана Нұрлы жол – Шымкент"
Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.
№205/206 "Ақтөбе – Астана Нұрлы жол"
Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Билет bilet.railways.kz ресми сайтында және теміржол вокзалдарының кассаларында сатылады.
Анықтамалық ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.