Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО-дағы жасанды интеллект мәселесі талқыланды

© Пресс-служба правительства КазахстанаЗаседание Евразийского межправительственного совета в Шымкенте
Заседание Евразийского межправительственного совета в Шымкенте - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Жазылу
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЕАЭО шеңберінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы бастамасына көңіл бөлінді
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Шымкентте Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Отырысқа Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Армения Республикасының кімет басшылары және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

"Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалық етеді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларына үндеуінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің төрағалығымыздың негізгі басымдықтары – жасанды интеллектіні экономикалық интеграцияны дамытудың, кедергісіз ортаны қалыптастырудың және сауда географиясын кеңейтудің жаңа құралы ретінде пайдалану екенін атап өтті", — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр бестік елдері бірлескен күш-жігермен интеграциялық үдерістерге қосымша серпін бере алатынына сенімділік білдірді.
Отырыс барысында қатысушылар сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.
Соныен қатар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЕАЭО шеңберінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы бастамасына, сондай-ақ елдер экономикасын одан әрі дамыту және жалпы алғанда салалардың тиімділігін арттыру перспективаларына назар аударылды. ЖИ технологиялары логистикалық процестерді жеделдетуге, ашықтықты арттыруға және анағұрлым тиімді цифрлық жеткізу тізбегін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні айтылды.
ЕАЭО-да кондитерлік өнімдерді таңбалаудың бірыңғай ережелері енгізіліп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
ЕАЭО-да кондитерлік өнімдерді таңбалаудың бірыңғай ережелері енгізіліп жатыр
Жаңалықтар
0