ЕАЭО-да кондитерлік өнімдерді таңбалаудың бірыңғай ережелері енгізіліп жатыр

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуЕАЭО-да кондитерлік өнімдерді таңбалаудың бірыңғай ережелері енгізіліп жатыр
ЕАЭО-да кондитерлік өнімдерді таңбалаудың бірыңғай ережелері енгізіліп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Жазылу
Бұл Одақ елдерінде кодтардың өзара танылуын қамтамасыз етеді
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесі кондитерлік өнімдердің жекелеген түрлерін тұтынушылық қаптамада таңбалаудың бірыңғай ережелерін енгізіп жатыр.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өз аумақтарында сәйкестендіру құралдарымен өнімдерді енгізу күні мен таңбалау тәртібін дербес белгілейді. Дегенмен, олар таңбалау басталғанға дейін алты айдан кешіктірмей ЕЭК-ті хабардар етуі тиіс.

"Таңбаланған өнім санаттарының санын кеңейту тұтынушыларға өнімнің түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік бередеі. Сондай-ақ заңсыз сауданы азайту арқылы адал нарық қатысушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын Одақтың бірыңғай таңбалау жүйесінің дамығанын көрсетеді", - деп атап өтті ЕЭК Сауда министрі Андрей Слепнев.

Рәсімдер 2019 жылы ЕЭК Кеңесі қабылдаған өнімді таңбалау жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл кодтардың өзара танылуын қамтамасыз етеді, Одақ ішінде айналымда тауарларды қайта таңбалау қажеттілігін жояды, деп атап өтті ЕЭК.
Максим Ермолович  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2026
Ортақ биржа нарығы ЕАЭО аясындағы тауарлар қозғалысының жаңа деңгейін қамтамасыз етеді
Жаңалықтар
0