Алматыдағы жол апаты: депутат кейбір көлік жүргізушілері үшін ережені күшейтуді ұсынды

© SputnikАлматыдағы жол апаты: депутат кейбір көлік жүргізушілері үшін ережені күшейтуді ұсынды
Алматыдағы жол апаты: депутат кейбір көлік жүргізушілері үшін ережені күшейтуді ұсынды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Жазылу
Сенатор жол ережесін жиі бұзатын көлік жүргізушілеріне емтиханды қайта тапсыру қажет деп санайды
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Сенатор Марат Қожаев жол ережесін жиі бұзатын көлік жүргізушілері үшін талапты күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда көлік жүргізушілерінің басым бөлігі жол ережесін бұзбауға тырысады.
"94-95 проценті заңға бағынады. Ал қалған 5-6 проценті жол ережесін жиі бұзады. Кейбіреулері 100 рет, тіпті, одан көп айыппұл алады. Дәл осы адамдарды барлық жеңілдіктен айыру керек. Соның айыппұлды 50 проценттік жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі де бар. Толығымен төлесін", - деді Қожаев журналистерге берген сұхбатында.
Бұдан бөлек, сенатор ондай көлік жүргізушілерінің құжатын алып қойып, емтиханды қайта тапсыру қажет деп санайды.
Айта кетері, жақында Алматыда ZEEKR жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, "Мерседеспен" соқтығысқан. Сол көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал кінәлі жүргізуші дене жарақаттарын алған. Желіде оның басқа көлікпен жарысқаны туралы ақпарат тарады.
Мобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2026
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: күдікті ауруханада жатыр
Жаңалықтар
0