Песков Ирандағы қақтығыстың Каспий аймағына таралу ықтималдылығына қатысты пікір білдірді

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Транспортировка нефти на Каспии
Транспортировка нефти на Каспии - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2026
Жазылу
Ресей Ирандағы қақтығыстың Каспий аймағына таралғанын өте жағымсыз қабылдайтын еді – Песков
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ирандағы қақтығыстың Каспий аймағына таралу ықтималдылығына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды РИА Новости.
Журналистер Песковтан Ирандағы қақтығыстың Каспий аймағына таралу ықтималдылығы жайында, сондай-ақ Ресейдің ондай жағдайды қалай қабылдайтынын сұрады.
"(Ресей – ред.) өте жағымсыз қабылдайтын еді", - деді Песков.
Оның айтуынша, Мәскеу Ирандағы жағдайға қатысты сан алуан бір-біріне қайшы мәлімдемелерді көріп отыр. Бірақ нақты не болып жатқаны белгісіз. Ал Иран бейбіт келісімдерге дайын ба, жоқ па, осы орайда Песков қақтығысқа дейінгі жағдайды еске алды. Оның айтуынша, Тегеран әскери іс-қимылдардың алдында соңғы минуттарға дейін, Иранға алғашқы соққы жасалғанға дейін келіссөздерді жалғастыруға дайын болған.
Айта кетері, бұған дейін РФ сыртқы істер министрлігі Ресей мен Иранның Таяу Шығыстағы қақтығыстың Каспий акваториясына таралу қаупіне алаңдап отырғанын мәлімдеген болатын.
Масуд Пезешкиан и Касым-Жомарт Токаев провели переговоры в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2026
Қазақстан мен Иран президенттері бір-бірін құттықтады
Жаңалықтар
0