Иран АҚШ пен оның барлық одақтасының экономикасын күйретуге қабілетті – Америка профессоры

© AP Photo / Vahid SalemiИран Ближний Восток Напряженность
Иран Ближний Восток Напряженность - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 наурыз – Sputnik. Иран АҚШ пен оның барлық одақтасының экономикасын күйретуге қабілетті, деп мәлімдеді Канзас-Ситидегі Миссури университетінің профессоры Майкл Хадсон YouTube каналындағы эфирде.
"Иран әлемге "егер сіздер АҚШ пен Израиль тарапынан болып жатқан терроризм мен ойранды тоқтатуға араласпасаңыздар, онда бүкіл әлемдік экономика күйрейді — немесе, кем дегенде, Америка және оның Еуропа мен Азиядағы одақтастарының экономикасы құлдырайды, өйткені біз өзімізді жоюға жол бермейміз, әрі өзімізбен бірге АҚШ пен Израильді тоқтатпаған барлық елді де ала кетеміз" деуі мүмкін", — дейді сарапшы.
Профессордың пікірінше, Тегеран осылай әрекет етуге дайын, өйткені оның басқа таңдауы жоқ.
"Егер ол тоқтаса, оны жойып жібереді – Дональд Трамп қайта-қайта шабуыл жасайды. Мұны иран басшылары да айтып жүр, және бұл, сөзсіз, АҚШ-тың әрекетін шынайы бағалау сияқты көрінеді. Сондықтан енді бәрі әлемге байланысты", — деп түсіндірді Хадсон.
АҚШ пен Израильдің ислам республикасына қарсы әскери науқаны үшінші аптаға жалғасып жатыр. Осы уақыт ішінде тараптар бір-біріне соққы алмасты. Тель-Авив өз мақсаты ретінде Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеуді атады. Вашингтон елдің әскери әлеуетін жойып жібереміз деп қорқытып, азаматтарды билікті құлатуға шақырды. Ал Иран қорғануға дайын екенін және әзірге келіссөзді қайта бастауға негіз көрмейтінін атап өтті.
Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2026
Иран зымырандары Израильдің ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады
Жаңалықтар
0