https://sputnik.kz/20260320/iran-zymyrandary-izraildin-iri-munay-ondeu-zauyttaryna-shabuyl-zhasady-62038045.html
Иран зымырандары Израильдің ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады
Иран зымырандары Израильдің ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады
Sputnik Қазақстан
Израиль әскери нысандарына да соққы жасалды 20.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-20T08:35+0500
2026-03-20T08:35+0500
2026-03-20T08:35+0500
мұнай
ақш пен иран қақтығысы
соққы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0b/61760785_143:244:3072:1892_1920x0_80_0_0_61b5906ccd7566244967b65b077a9611.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Иран әскерилері Ашдод пен Хайфадағы Израиль мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады, деп хабарлады РИА Новости Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) мәлімдемесіне сілтеме жасап."Сионистік режимнің ең ірі мұнай өңдеу кешендері болып табылатын Хайфа мен Ашдодтағы мұнай өңдеу зауыттарына дәлдігі жоғары зымырандарымен шабуыл жасалды", - делінген Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы жариялаған ИРСК мәлімдемесінде.Осылайша Сақшылар корпусы АҚШ пен Израильге қарсы операцияның 65-ші соққы толқынын жариялап, Израильдегі әскери нысандарға да шабуыл жасағанын хабарлады.Иран АҚШ пен Израильдің шабуылдарына жауап ретінде Таяу Шығыстағы және Израиль аумағындағы АҚШ әскери нысандарына шабуыл жасап жатыр.Қақтығыстың алғашқы күнінде, 28 ақпанда, Иранның оңтүстігіндегі қыздар мектебіне шабуыл жасалды, Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеи қаза тапты. Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Әмір Саид Ираванидің айтуынша, шабуылдан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың жалпы саны 1300-ден асты, ал 17 мыңнан астам адам жарақат алды.
https://sputnik.kz/20260312/iran-undistan-tankerlerine-ormuz-bugazy-arqyly-otuge-ruqsat-berdi---baq----61798471.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0b/61760785_422:61:3072:2048_1920x0_80_0_0_3b8ae5184ec58255cce61ac7d231e790.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, ақш пен иран қақтығысы, соққы
мұнай, ақш пен иран қақтығысы, соққы
Иран зымырандары Израильдің ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады
Израиль әскери нысандарына да соққы жасалды
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Иран әскерилері Ашдод пен Хайфадағы Израиль мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады, деп хабарлады РИА Новости Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Сионистік режимнің ең ірі мұнай өңдеу кешендері болып табылатын Хайфа мен Ашдодтағы мұнай өңдеу зауыттарына дәлдігі жоғары зымырандарымен шабуыл жасалды", - делінген Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы жариялаған ИРСК мәлімдемесінде.
Осылайша Сақшылар корпусы АҚШ пен Израильге қарсы операцияның 65-ші соққы толқынын жариялап, Израильдегі әскери нысандарға да шабуыл жасағанын хабарлады.
Иран АҚШ пен Израильдің шабуылдарына жауап ретінде Таяу Шығыстағы және Израиль аумағындағы АҚШ әскери нысандарына шабуыл жасап жатыр.
Қақтығыстың алғашқы күнінде, 28 ақпанда, Иранның оңтүстігіндегі қыздар мектебіне шабуыл жасалды, Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеи қаза тапты. Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Әмір Саид Ираванидің айтуынша, шабуылдан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың жалпы саны 1300-ден асты, ал 17 мыңнан астам адам жарақат алды.