https://sputnik.kz/20260312/iran-undistan-tankerlerine-ormuz-bugazy-arqyly-otuge-ruqsat-berdi---baq----61798471.html
Иран Үндістан танкерлеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді - БАҚ
Иран Үндістан танкерлеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді - БАҚ
Sputnik Қазақстан
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы ауқымды операциясы мұнай газ секторына едәуір кері әсерін тигізді 12.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-12T12:40+0500
2026-03-12T12:40+0500
2026-03-12T12:40+0500
иран
үндістан
ақш
израиль
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0a/61752820_127:431:2917:2000_1920x0_80_0_0_a954d4183c4cbfd4f2c742b7a22db18c.jpg
АСТАНА, 12 наурыз - Sputnik. Иран Үндістан туын таққан танкерлерге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді, деп хабарлайды РИА Новости NDTV-ге сілтеме жасап. Журналистердің айтуынша, бұғаздан үндістандық Пушпак және Паримал атты екі танкері аман-есен өткен. Ал АҚШ, Еуропа және Израиль кемелері стратегиялық маңызды бұғазда әлі де кедергілерге ұшырап жатыр.Екі күн бұрын Сауд Арабиясынан шикі мұнай тиеген Либерия туын таққан танкер Ормуз бұғазынан өтіп, Мумбай портына тоқтаған. Оның капитаны Үнді азаматы. Бұл - АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылынан кейін теңіз байланысы іс жүзінде тоқтаған су жолымен қауіпсіз өтіп, Үндістанға барған алғашқы кеме. Айта кетері, АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға соққы бере бастады. Иран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ әскери нысандарына қарсы шабуыл жасады. Иранның айналасындағы шиеленіс Ормуз бұғазындағы қозғалысты тоқтатты. Бұл Парсы шығанағы елдерінен мұнай мен сұйытылған табиғи газды әлемдік нарыққа жеткізудің негізгі бағыты. Сонымен қатар аймақ елдерінің мұнай экспорты мен өндіру деңгейіне де кері әсерін тигізді. Салдарынан мұнай бағасы барреліне 100 доллардан жоғары көтерілді.
https://sputnik.kz/20260311/irandagy-qaqtygys-qazaqstannyn-munaydan-alatyn-tabysyna-qalay-aser-etedi-61782908.html
иран
үндістан
ақш
израиль
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0a/61752820_413:209:2801:2000_1920x0_80_0_0_c8059d2167225364d7172262c14dca2e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иран, үндістан, ақш, израиль
иран, үндістан, ақш, израиль
Иран Үндістан танкерлеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді - БАҚ
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы ауқымды операциясы мұнай газ секторына едәуір кері әсерін тигізді
АСТАНА, 12 наурыз - Sputnik. Иран Үндістан туын таққан танкерлерге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді, деп хабарлайды
РИА Новости NDTV-ге сілтеме жасап.
"Иран Үндістан туын таққан танкерлерге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді... Дереккөздердің хабарлауынша, бұл Үндістанның сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар мен Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи арасындағы келіссөзден кейін болған", - делінген телеарнаның хабарламасында.
Журналистердің айтуынша, бұғаздан үндістандық Пушпак және Паримал атты екі танкері аман-есен өткен. Ал АҚШ, Еуропа және Израиль кемелері стратегиялық маңызды бұғазда әлі де кедергілерге ұшырап жатыр.
Екі күн бұрын Сауд Арабиясынан шикі мұнай тиеген Либерия туын таққан танкер Ормуз бұғазынан өтіп, Мумбай портына тоқтаған. Оның капитаны Үнді азаматы. Бұл - АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылынан кейін теңіз байланысы іс жүзінде тоқтаған су жолымен қауіпсіз өтіп, Үндістанға барған алғашқы кеме.
Айта кетері, АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға соққы бере бастады. Иран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ әскери нысандарына қарсы шабуыл жасады.
Иранның айналасындағы шиеленіс Ормуз бұғазындағы қозғалысты тоқтатты. Бұл Парсы шығанағы елдерінен мұнай мен сұйытылған табиғи газды әлемдік нарыққа жеткізудің негізгі бағыты. Сонымен қатар аймақ елдерінің мұнай экспорты мен өндіру деңгейіне де кері әсерін тигізді. Салдарынан мұнай бағасы барреліне 100 доллардан жоғары көтерілді.