https://sputnik.kz/20260322/almatyda-tuye-ustinde-rekord-ornatyldy-62108753.html
Алматыда түйе үстінде рекорд орнатылды
Алматыда түйе үстінде рекорд орнатылды
Sputnik Қазақстан
Мұндай ату түрі ат үстіндегі дәстүрлі садақ атудан әлдеқайда күрделі әрі жоғары деңгейдегі тепе-теңдікті қажет етеді 22.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-22T11:06+0500
2026-03-22T11:06+0500
2026-03-22T11:25+0500
алматы
рекорд
наурыз
https://sputnik.kz/img/07ea/03/16/62108447_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_b0189977928e175b1f53221470f93de3.jpg
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Алматының Жетісу ауданындағы Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнады, деп хабарлайды қалалық әкімдік.Орталық алаңда спортшылар мен дәстүрлі өнер шеберлері өнер көрсетті.Іс-шара аясында Динара Сайдалина рекорд орнатты.Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, мұндай ату түрі ат үстіндегі дәстүрлі садақ атудан әлдеқайда күрделі әрі жоғары деңгейдегі тепе-теңдікті және дәлдікті талап етеді.Мереке аясында ұлттық спорт түрлері бойынша да көрсетілімдер өтті. Оның ішінде көкпар мен "шабандоздық" құрылымдары ұсынылды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін интерактивті алаңдар ұйымдастырылып, келушілер дәстүрлі қолөнермен танысып, ұлттық ойындарға қатысып, ұлттық тағамдардан дәм татып, киіз үйлерді аралап көрді.
https://sputnik.kz/20260322/astanada-nauryz-meyramyna-oray-dron-shou-otti-62107647.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/16/62108447_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_870a55f241133606a96388465257aa14.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, рекорд, наурыз
Алматыда түйе үстінде рекорд орнатылды
11:06 22.03.2026 (жаңартылды: 11:25 22.03.2026) Мұндай ату түрі ат үстіндегі дәстүрлі садақ атудан әлдеқайда күрделі әрі жоғары деңгейдегі тепе-теңдікті қажет етеді
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Алматының Жетісу ауданындағы Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнады, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Орталық алаңда спортшылар мен дәстүрлі өнер шеберлері өнер көрсетті.
Іс-шара аясында Динара Сайдалина рекорд орнатты.
"Ол түйе үстінде садақ атып, 10 секунд ішінде 4 нысананы дәл көздеп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл жетістік Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді", - деп жазылған хабарламада.
Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, мұндай ату түрі ат үстіндегі дәстүрлі садақ атудан әлдеқайда күрделі әрі жоғары деңгейдегі тепе-теңдікті және дәлдікті талап етеді.
Мереке аясында ұлттық спорт түрлері бойынша да көрсетілімдер өтті. Оның ішінде көкпар мен "шабандоздық" құрылымдары ұсынылды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін интерактивті алаңдар ұйымдастырылып, келушілер дәстүрлі қолөнермен танысып, ұлттық ойындарға қатысып, ұлттық тағамдардан дәм татып, киіз үйлерді аралап көрді.