Астанада Наурыз мейрамына орай дрон-шоу өтті

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы дрондар шоуы
Астанадағы дрондар шоуы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2026
Жазылу
Қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың дәстүрлі мұрасын бейнелейтін жарқын композицияларын тамашалады
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Астанада Наурыз мейрамына орай ауқымды дрон-шоу өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың дәстүрлі мұрасын бейнелейтін жарқын композицияларын тамашалады. Аспанда киіз үй, тайқазан, шұбат құйылған тостаған, түйелі керуен және асық бейнелері көрініс тапты.
© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы дрон-шоу
Шоу дронов в честь Наурыза в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2026
Астанадағы дрон-шоу
Бұл образдар көшпелі мәдениетті, береке-бірлікті, күш-қуат пен ұлттық болмысты білдіреді.
Сондай-ақ, аспанда көктемнің келуі мен табиғаттың жаңаруын айшықтайтын үш өлшемді қызғалдақ бейнесі пайда болды. Күн мен айдың көріністері күн мен түннің теңелгенін меңзейді.
Шоудың соңында "Наурыз құтты болсын!" деген жазу көрсетілді.
© Sputnik / Санат ИмангалиевШоу дронов в честь Наурыза в Астане
Шоу дронов в честь Наурыза в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2026
Шоу дронов в честь Наурыза в Астане
Еске салайық, Астанада 22 наурыз күні Наурыз мейрамына арналған ауқымды іс-шаралар жалғасады. Негізгі алаңдарда ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдары ұсынылатын жәрмеңкелер мен фуд-корттар жұмыс істейді, шеберлік сағаттары мен дәстүрлі рәсімдер көрсетіледі.
Сол сияқты қазақша күрес, садақ ату, гір спорты, қол күресі және асық ату бойынша жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.
Касым-Жомарт Токаев на праздновании Наурыза в Туркестане - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2026
Тоқаевты шет мемлекет басшылары Наурыз мейрамымен құттықтады
Жаңалықтар
0