https://sputnik.kz/20260321/ulttyq-ulanda-10-tonnaga-zhuyq-nauryz-kozhe-dayyndaldy-62100217.html
Ұлттық ұланда 10 тоннаға жуық Наурыз көже дайындалды
Ұлттық ұланда 10 тоннаға жуық Наурыз көже дайындалды
Sputnik Қазақстан
Бүгінде 7 мыңнан астам ұландық еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетеді 21.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-21T17:56+0500
2026-03-21T17:56+0500
2026-03-21T18:26+0500
ұлттық ұлан
наурыз көже
https://sputnik.kz/img/07ea/03/15/62100040_0:52:1081:660_1920x0_80_0_0_4dd6ea4cea604e8114a1c4793b732fc7.jpg
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Наурыз мерекесіне орай Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімінде сарбаздарға арнап 10 тоннаға жуық наурыз көже әзірленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Наурыз көже әскери ас мәзіріндегі құнарлы тағамдардың бірі саналады. Оның құрамындағы ет ақуызға, жарма көмірсуға, ал сүт өнімдері дәрумендер мен кальцийге бай. Сондықтан ол сарбаздардың күш-қуатын толықтырып, ағзаға жеңіл сіңеді.Астана қаласындағы 5573 әскери бөлімінің Азық-түлік қызметінің бастығы Дархан Жүнісов көктем мезгілінде ұсынылатын дәстүрлі тағамның ағзаға пайдасы мол екенін атап өтті.Береке мен бірліктің символы саналатын наурыз көже дәстүр бойынша жеті түрлі дәмнен дайындалады. Сондықтан бұл сарбаздар үшін мерекелік ас қана емес, ұлттық дәстүрдің айқын көрінісіне айналды.6636 әскери бөлімінің сарбазы Тимур Фатихов биылғы алғашқы наурыз көженің ерекше әсер қалдырғанын айтып, дәмді тағам мен мерекелік көңіл күй үшін басшылыққа алғыс білдірді.Ұлттық ұланда сарбаздарға мереке күндері ғана емес, әр аптаның жұма күндері де ет, сірне, нарын, кеспе секілді дәстүрлі тағамдар ұсынылады.Айта кетейік, бүгінде 7 мыңнан астам ұландық еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетеді. Сондай-ақ сарбаздар мемлекеттік маңызы бар нысандар мен қылмыстық атқару жүйесімекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүр.
https://sputnik.kz/20260321/almatyda-nauryz-meyramy-qalay-toylanyp-zhatyr-62090468.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/15/62100040_17:0:977:720_1920x0_80_0_0_337f98ff1090447d74118cfb80aa5d65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық ұлан, наурыз көже
Ұлттық ұланда 10 тоннаға жуық Наурыз көже дайындалды
17:56 21.03.2026 (жаңартылды: 18:26 21.03.2026) Бүгінде 7 мыңнан астам ұландық еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетеді
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Наурыз мерекесіне орай Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімінде сарбаздарға арнап 10 тоннаға жуық наурыз көже әзірленді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Наурыз көже әскери ас мәзіріндегі құнарлы тағамдардың бірі саналады. Оның құрамындағы ет ақуызға, жарма көмірсуға, ал сүт өнімдері дәрумендер мен кальцийге бай. Сондықтан ол сарбаздардың күш-қуатын толықтырып, ағзаға жеңіл сіңеді.
Астана қаласындағы 5573 әскери бөлімінің Азық-түлік қызметінің бастығы Дархан Жүнісов көктем мезгілінде ұсынылатын дәстүрлі тағамның ағзаға пайдасы мол екенін атап өтті.
Береке мен бірліктің символы саналатын наурыз көже дәстүр бойынша жеті түрлі дәмнен дайындалады. Сондықтан бұл сарбаздар үшін мерекелік ас қана емес, ұлттық дәстүрдің айқын көрінісіне айналды.
6636 әскери бөлімінің сарбазы Тимур Фатихов биылғы алғашқы наурыз көженің ерекше әсер қалдырғанын айтып, дәмді тағам мен мерекелік көңіл күй үшін басшылыққа алғыс білдірді.
Ұлттық ұланда сарбаздарға мереке күндері ғана емес, әр аптаның жұма күндері де ет, сірне, нарын, кеспе секілді дәстүрлі тағамдар ұсынылады.
Айта кетейік, бүгінде 7 мыңнан астам ұландық еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетеді. Сондай-ақ сарбаздар мемлекеттік маңызы бар нысандар мен қылмыстық атқару жүйесімекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүр.