https://sputnik.kz/20260321/almatyda-nauryz-meyramy-qalay-toylanyp-zhatyr-62090468.html
Алматыда Наурыз мейрамы қалай тойланып жатыр
Алматыда Наурыз мейрамы қалай тойланып жатыр
Sputnik Қазақстан
Негізгі іс-шаралар Астана алаңында өтіп жатыр 21.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-21T13:25+0500
2026-03-21T13:25+0500
2026-03-21T13:25+0500
наурыз мейрамы
алматы
мереке
https://sputnik.kz/img/07ea/03/15/62084076_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d9e5f91ee7dae1407bbec3a7d82edad0.jpg
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында 21 наурыз күні Астана алаңында Наурыз мейрамына арналған кең ауқымды мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.Қалалық мәдениет басқармасының мәліметінше, сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін Алматының орталық алаңы ұлттық дәстүрлер мен заманауи мәдени үрдістерді ұштастырған мерекенің негізгі алаңына айналады.Бағдарлама аясында қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен концерттер, театрландырылған қойылымдар, цифрлық турлар мен роботтар ұсынылатын интерактивті аймақтар, сондай-ақ көрмелер ұйымдастырылған.Сахнада "Дос-Мұқасан", "Музарт", "Ұлытау", "Алашұлы" топтары, сондай-ақ Нұржан Керменбаев, Салтанат Бақаева, Талғат Күзембаев, Айгүл Елшібаева, Ернар Айдар, Мақпал Исабекова, Мөлдір Әуелбекова және Әсет Есжан сынды танымал эстарда жұлдыздары өнер көрсетеді.Арнайы қонақ ретінде әзербайжандық әнші Роза Зергерли шақырылған.Концерттік бағдарламаның ашылуында ұлттық киім киген әртістер өнер көрсетті. Бұл көріністі Алматы тұрғындары мен қала қонақтары тамашалады.21 наурызда Алматы және Қазақстанның басқа да өңірлерінде бірлікке, ынтымақтастыққа және қоғамдық келісімге арналған жалпыұлттық Наурызнама онкүндігінің сегізінші күні "Ынтымақ күні" аталып өтеді. Бұл мереке өзара құрметтің, ұйымшылдықтың және қоғамды біріктіретін ортақ құндылықтардың маңыздылығын көрсетеді.
https://sputnik.kz/20260319/astana-men-almatyda-nauryz-kunderi-qanday-is-sharalar-otedi-62031390.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/15/62084076_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_83bb9cd761adbee6782bf69d13866ddb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз мейрамы, алматы, мереке
наурыз мейрамы, алматы, мереке
Алматыда Наурыз мейрамы қалай тойланып жатыр
Негізгі іс-шаралар Астана алаңында өтіп жатыр
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында 21 наурыз күні Астана алаңында Наурыз мейрамына арналған кең ауқымды мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.
Қалалық мәдениет басқармасының мәліметінше, сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін Алматының орталық алаңы ұлттық дәстүрлер мен заманауи мәдени үрдістерді ұштастырған мерекенің негізгі алаңына айналады.
Бағдарлама аясында қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен концерттер, театрландырылған қойылымдар, цифрлық турлар мен роботтар ұсынылатын интерактивті аймақтар, сондай-ақ көрмелер ұйымдастырылған.
Сахнада "Дос-Мұқасан", "Музарт", "Ұлытау", "Алашұлы" топтары, сондай-ақ Нұржан Керменбаев, Салтанат Бақаева, Талғат Күзембаев, Айгүл Елшібаева, Ернар Айдар, Мақпал Исабекова, Мөлдір Әуелбекова және Әсет Есжан сынды танымал эстарда жұлдыздары өнер көрсетеді.
Арнайы қонақ ретінде әзербайжандық әнші Роза Зергерли шақырылған.
Концерттік бағдарламаның ашылуында ұлттық киім киген әртістер өнер көрсетті. Бұл көріністі Алматы тұрғындары мен қала қонақтары тамашалады.
21 наурызда Алматы және Қазақстанның басқа да өңірлерінде бірлікке, ынтымақтастыққа және қоғамдық келісімге арналған жалпыұлттық Наурызнама онкүндігінің сегізінші күні "Ынтымақ күні" аталып өтеді. Бұл мереке өзара құрметтің, ұйымшылдықтың және қоғамды біріктіретін ортақ құндылықтардың маңыздылығын көрсетеді.