Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев с праздником Наурыз
Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев с праздником Наурыз
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2026
Жазылу
Президент өз құттықтауында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы жайлы да атап өтті
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Президент өз құттықтауында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы жайлы да атап өтті.
"Әз-Наурыз – тазару, жаңару уақыты. Тазалық – мән-мағынасы кең ұғым. Бұл – ең алдымен, ой тазалығы, сана мен ниет тазалығы деген сөз. Осыдан екі жыл бұрын елімізде "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы бастау алды. Ауқымды жоба халықтың, әсіресе, жастардың жаппай қолдауына ие болды. Азаматтарымыз тазалықты құр сөзбен емес, нақты ісімен көрсетуде. Ұқыптылық, жинақылық, тиянақтылық қасиеттері ұлтымыздың жаңа сапасына айнала бастады", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, "Таза Қазақстан" бастамасы – жай ғана кезекті саяси науқан немесе үгіт-насихат емес.
"Бұл – мемлекетіміздің мызғымас идеологиясы. Сондықтан осы игі іспен біз жыл бойы айналысуымыз керек, бұл ұлт болмысының ажырамас бөлігі болуға тиіс. Әсіресе, Ұлыстың ұлы күні тазалық философиясын кеңінен дәріптеу маңызды.Ұлыстың ұлы күні Жер Ана да, еліміз де жаңарып жатқан осы тарихи сәтте айтылған тілектің мән-мағынасы айрықша деп ойлаймын", - деді Тоқаев.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.
Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2026
Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Жаңалықтар
0