Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

© Президенттің баспасөз қызметіТоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті
АСТАНА, 21 наурыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.
Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.
Астанадағы Ораза айт - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2026
Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар
0