https://sputnik.kz/20260321/prezident-turkistanga-ne-ushin-barganyn-aytty-62092866.html
Президент Түркістанға не үшін барғанын айтты
Президент Түркістанға не үшін барғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде сөз сөйледі 21.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-21T13:57+0500
2026-03-21T13:57+0500
2026-03-21T13:57+0500
қасым-жомарт тоқаев
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/15/62091384_0:20:1280:740_1920x0_80_0_0_709c0b06377f0dbe4e6190dbf0b9dadd.jpg
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына не үшін барғанын айтты.Оның айтуынша, бұл – халқымыздың болмыс-бітімі, қайсар рухы, теңдессіз мәдениеті және елдік дәстүрі көрініс тапқан киелі жер. Әйгілі Қожа Ахмет Ясауидің мол мұрасы – шежірелі шаһардың рухани қазынасы."Әзірет Сұлтан кесенесі – түркі әлемінің берекелі тұтастығының символы. Төл тарихымызда есімі алтын әріппен жазылған тұғырлы тұлғаларымыз осы жерде мәңгілік мекенін тапқан".Президент бұлөңірде ұлтымыздың тағдырын айқындаған аса маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті."Түркістан – Қазақ хандығының саяси орталығының бірі екенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Бұл өңірде ұлтымыздың тағдырын айқындаған аса маңызды шешімдер қабылданды. Ордабасы жерінде осыдан үш ғасыр бұрын ел болашағына айрықша әсер еткен үлкен Құрылтай өтті. Бұл бірегей жиынның мән-мағынасы аса ерекше", - деді президент.Құрылтайда үш жүздің билері және игі жақсылары түгел бас қосып, бір тудың астына жиналды. Ұлт бірлігінің арқасында батыр бабаларымыз Аңырақай шайқасында тарихи жеңіске жетіп, бүкіл сырт елдерге қазақ елі тұтастығының күшін паш етті.Тоқаевтың айтуынша, мамыр айының ортасында Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының аясындағы тиісті мемлекеттер басшыларының ең жоғары деңгейдегі жиыны жоспарланып отыр. Бұл – қазіргі әлемдегі құбылмалы ахуалда өткізілетін өте маңызды халықаралық шара.
https://sputnik.kz/20260321/toqaev-qozha-akhmet-yasaui-kesenesine-ziyarat-etti-62078230.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/15/62091384_40:0:1241:901_1920x0_80_0_0_7f9f762f8656d594a7b4673fc72432b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, түркістан облысы
қасым-жомарт тоқаев, түркістан облысы
Президент Түркістанға не үшін барғанын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде сөз сөйледі
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына не үшін барғанын айтты.
"Бүгін атажұртымыздың алтын бесігі – Түркістан шаһарына тағзым ету үшін арнайы келіп отырмын. Ризамын. Менің Түркістанға ықыласым ерекше екенін жақсы білесіздер. Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарымды осы өлкеден бастадым. Түркістан – түбі бір түркі жұртының қасиетті шаңырағы", – деді президент.
Оның айтуынша, бұл – халқымыздың болмыс-бітімі, қайсар рухы, теңдессіз мәдениеті және елдік дәстүрі көрініс тапқан киелі жер. Әйгілі Қожа Ахмет Ясауидің мол мұрасы – шежірелі шаһардың рухани қазынасы.
"Әзірет Сұлтан кесенесі – түркі әлемінің берекелі тұтастығының символы. Төл тарихымызда есімі алтын әріппен жазылған тұғырлы тұлғаларымыз осы жерде мәңгілік мекенін тапқан".
Президент бұлөңірде ұлтымыздың тағдырын айқындаған аса маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті.
"Түркістан – Қазақ хандығының саяси орталығының бірі екенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Бұл өңірде ұлтымыздың тағдырын айқындаған аса маңызды шешімдер қабылданды. Ордабасы жерінде осыдан үш ғасыр бұрын ел болашағына айрықша әсер еткен үлкен Құрылтай өтті. Бұл бірегей жиынның мән-мағынасы аса ерекше", - деді президент.
Құрылтайда үш жүздің билері және игі жақсылары түгел бас қосып, бір тудың астына жиналды. Ұлт бірлігінің арқасында батыр бабаларымыз Аңырақай шайқасында тарихи жеңіске жетіп, бүкіл сырт елдерге қазақ елі тұтастығының күшін паш етті.
"Осындай елдік пен ерлік дәстүрі ешқашан үзілген емес. Біз де тарих жолын жалғастырып, елімізде төрелі жиын, төбелі басқосулар өткізіп келеміз. Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы Түркістанда өткенін жақсы білесіздер. Мен осы жерде "Адал азамат" тұжырымдамасын алғаш рет жарияладым", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаевтың айтуынша, мамыр айының ортасында Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының аясындағы тиісті мемлекеттер басшыларының ең жоғары деңгейдегі жиыны жоспарланып отыр. Бұл – қазіргі әлемдегі құбылмалы ахуалда өткізілетін өте маңызды халықаралық шара.