Елорда тынысы

Астанада Наурыз мерекесіне орай "Жеті қазына" голографиялық шоуы ашылды

© Астана қаласының әкімдігіАстанада Наурыз мерекесіне орай "Жеті қазына" голографиялық шоуы ашылды
Астанада Наурыз мерекесіне орай Жеті қазына голографиялық шоуы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2026
Жазылу
Заманауи голографиялық экрандар, жарық және динамикалық визуалды эффектілер арқылы келушілерге қазақ халқының жеті құндылығы таныстырылады
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында Наурыз мейрамы тойланып жатыр. Мұнда келушілер үшін AI-Наурыз аясындағы ең әсерлі аймақтардың бірі "Жеті қазына" голографиялық көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Заманауи голографиялық экрандар, жарық және динамикалық визуалды эффектілер арқылы келушілерге қазақ халқының жеті құндылығы таныстырылады.
Әрқайсысы жеке көрініс ретінде ұсынылып, технологиялар дәстүрдің терең мәнін сезінуге мүмкіндік береді.
Голографиялық көрме таныс ұғымдарды цифрлық саяхатқа айналдырады. Бір кеңістікте өткен тарих пен бүгінгі заман тоғысып, көне мәдени белгілері заманауи технологиялардың көмегімен "жан біткендей" әсер қалдырады.
Аталған көрме AI-Наурыздың негізгі тартымды орындардың біріне айналып, инновациялардың мәдени мұраны жаңаша танытудағы мүмкіндігін көрсетіп отыр.
Еске салайық, "Наурызнаманың" онкүндігі аясында қалада 200-ден астам іс-шара өтеді. Олардың қатарында жұлдыздардың қатысуымен өтетін концерттер, ұлттық ойындар, жәрмеңкелер, шеберлік сабақтары мен дәстүрлі рәсімдер бар.
Наурыз празднуют в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2026
Алматыда Наурыз мейрамы қалай тойланып жатыр
Жаңалықтар
0