Парламент палаталары тағы бірлескен отырыс өткізеді

© Sputnik / Владислав ВодневФоторепортаж о буднях мажилиса
Фоторепортаж о буднях мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2026
Жазылу
Келесі отырыста Алатау қаласына қатысты заңды екінші оқылымда қарау жоспарланып отыр
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы тағы бір өкімге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін екі палатаның бірлескен отырысы өтті. Ал келесі аптада депутаттар тағы жиналады.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 27 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкімде.
Айта кетері, бүгінгі отырыста депутаттар "Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы" конституциялық заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Келесі отырыста заңды екінші оқылымда қарау жоспарланып отыр.
Парламент ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2026
Парламент Алатаудың ерекше мәртебесін мақұлдады
Жаңалықтар
0