https://sputnik.kz/20260319/qyzylordada-bolim-basshysy-akimshilik-qamauda-zhatqanyn-zhasyru-ushin-zhalgan-quzhat-zhasagan-62010924.html
Қызылордада бөлім басшысы әкімшілік қамауда жатқанын жасыру үшін жалған құжат жасаған
Қызылордада бөлім басшысы әкімшілік қамауда жатқанын жасыру үшін жалған құжат жасаған
Sputnik Қазақстан
Жалған құжатты Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері дайындағаны белгілі болды 19.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-19T09:53+0500
2026-03-19T09:53+0500
2026-03-19T09:55+0500
қызылорда облысы
еңбекке жарамсыздық парағы
айыппұл
https://sputnik.kz/img/933/69/9336939_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_55fdc25da798a419f040bb2ed1b0fc01.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында жалған еңбекке жарамсыздық парағын пайдаланған қызметкер мен дәрігерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады бас прокуратура.Қызылорда облысының прокуратурасы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметіне тексеру жүргізу барысында лауазымды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін анықтады.Атап айтқанда, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамаққа алынған.Алайда, мемлекеттік қызметші жұмыста болмаған себебін жасыру және жұмыстан қалуын заңдастыру мақсатында басшылыққа жалған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған.Соттың үкімімен аудандық аурухана дәрігері жалған құжат дайындағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.Ал бөлім басшысы көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.Сот үкімі заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260124/derekqorga-zhalgan-malimetter-engizgen-buryngy-keden-qyzmetkeri-ispaniyadan-ekstraditsiyalandy-60643934.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/933/69/9336939_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_b98757f92db6492dfa9e043b74a2a07c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, еңбекке жарамсыздық парағы, айыппұл
қызылорда облысы, еңбекке жарамсыздық парағы, айыппұл
Қызылордада бөлім басшысы әкімшілік қамауда жатқанын жасыру үшін жалған құжат жасаған
09:53 19.03.2026 (жаңартылды: 09:55 19.03.2026) Жалған құжатты Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері дайындағаны белгілі болды
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында жалған еңбекке жарамсыздық парағын пайдаланған қызметкер мен дәрігерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады бас прокуратура.
Қызылорда облысының прокуратурасы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметіне тексеру жүргізу барысында лауазымды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін анықтады.
Атап айтқанда, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамаққа алынған.
Алайда, мемлекеттік қызметші жұмыста болмаған себебін жасыру және жұмыстан қалуын заңдастыру мақсатында басшылыққа жалған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған.
"Тергеу барысында құжаттың жалған екені және оны Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері дайындағаны белгілі болды. Прокурорлық тексеру материалдары негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа жолданды", - деп жазылған хабарламада.
Соттың үкімімен аудандық аурухана дәрігері жалған құжат дайындағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Ал бөлім басшысы көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.