https://sputnik.kz/20260124/derekqorga-zhalgan-malimetter-engizgen-buryngy-keden-qyzmetkeri-ispaniyadan-ekstraditsiyalandy-60643934.html
Дерекқорға жалған мәліметтер енгізген бұрынғы кеден қызметкері Испаниядан экстрадицияланды
Дерекқорға жалған мәліметтер енгізген бұрынғы кеден қызметкері Испаниядан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады 24.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-24T10:20+0500
2026-01-24T10:20+0500
2026-01-24T10:20+0500
бас прокуратура
экстрадицияланды
кеден бекеті
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_0:163:3065:1887_1920x0_80_0_0_2743cd4624635c850046076be1e91418.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Испанияның Барселона қаласынан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша күдікке ілінген Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлады бас прокуратура.Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған, кейін Испания аумағында ұсталды.Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.Прокуратурада бұл қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салды.
https://sputnik.kz/20260116/qarzhy-piramidasynyn-basshysy-gruziyadan-ekstraditsiyalandy-60455068.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_166:0:2897:2048_1920x0_80_0_0_fa3e44147d42acd286ef39503d6b2ce1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, экстрадицияланды, кеден бекеті
бас прокуратура, экстрадицияланды, кеден бекеті
Дерекқорға жалған мәліметтер енгізген бұрынғы кеден қызметкері Испаниядан экстрадицияланды
Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Испанияның Барселона қаласынан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша күдікке ілінген Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлады
бас прокуратура.
"Ол 2020 жылы кеден органдарының қызметкері бола отырып, ақпараттық дерекқорға жалған мәліметтер енгізу арқылы 8 автокөліктің иелерін бюджетке төленуге тиіс кедендік баждардан заңсыз босатқан деген күдікке ілінді. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған, кейін Испания аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Прокуратурада бұл қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салды.