Қостанайда ер адам әйелін атып өлтірді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуАрхивное фото ружья
Архивное фото ружья - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2026
Жазылу
Әйел тұрмыстық жанжал барысында оқ жарақатын алған
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қостанайда ер адам 37 жастағы әйелін атып өлтірді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Күдікті – марқұмның бұрынғы жұбайы.
Ол өз еркімен полицияға келіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел тұрмыстық жанжал барысында алған оқ жарақаты салдарынан қайтыс болған. Күдіктіге тиесілі тіркелген аңшылық мылтық тәркіленді", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр.
Елік - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2026
Павлодарда ер адам еліктерге оқ атып, мемлекетке 3 млн теңгеге жуық шығын келтірді
Жаңалықтар
0