Павлодарда ер адам еліктерге оқ атып, мемлекетке 3 млн теңгеге жуық шығын келтірді

© РИА Новости / Медиабанкке өтуЕлік
Елік - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2026
Жазылу
Сотталушы өзімен бірге жүрген адамдарға аң аулауға рұқсат қағазының бар екендігі туралы жалған ақпарат берген
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында ер адам еліктерді заңсыз аулап, мемлекеттік мекемеге қомақты шығын келтірген.
Қаруды қолдана отырып, заңсыз аңшылық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс Железин аудандық сотында қаралды.
Сотта анықталғандай, 2025 жылдың қараша айында аудан тұрғыны өзінің қос ауызды аңшы мылтығын алып, қайың баурайына барған. Ол сол аймақта екі елікті байқап қалып, төрт рет оқ атқан. Заңсыз әрекеттердің салдарынан аңдар өлген.
Осыдан кейін сотталушы өзімен бірге жүрген адамдарға аң аулауға рұқсат қағазының бар екендігі туралы жалған ақпарат беріп, олардың біріне тиесілі автокөліктің жүк бөлігіне жануарлардың өлекселерін тиеген.
"Заңсыз әрекеттердің салдарынан "Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ жалпы сомасы 2 949 000 теңгені құрайтын ірі көлемдегі материалдық залал келтірілді", - деп жазылған облыстық сот хабарламасында.
Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін және келтірілген шығынды толық өтегенін айтты.
Сот оны кінәлі деп танып, оған 2 жыл мерзімге аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сонымен қатар 12 калибрлі тегіс ұңғылы қос ауызды мылтық мемлекет пайдасына тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
Балқаш көлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2026
Балқаш көлінде 100 келіден астам балықты заңсыз аулаған жамбылдық сотталды
Жаңалықтар
0