Астанада жүргізушілер үшін қосымша төлем енгізілді

© Sputnik / Владислав ВодневАстана қаласындағы автотұрақ
Астана қаласындағы автотұрақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2026
Жазылу
Жүргізушілер сәуір айынан бастап айып тұрағы мен автокөлікті эвакуациялау үшін ақы төлейді
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Астана қаласының мәслихаты көлік құралдарын эвакуациялау және арнайы тұрақтарда уақытша сақтау үшін алынатын төлемді бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшиннің айтуынша, жаңа ереже 23 сәуірден бастап күшіне енеді. Оған сәйкес, көлік жүргізушілері эвакуациялау шығынын төлейді. Оның мөлшері – 3 АЕК (12 975 теңге). Ал айып тұрағында уақытша сақтау төлемі көлік құралының түрі мен оны сақтау мерзіміне байланысты болады.
мотоцикл үшін бірінші күн — 1 АЕК (4 325 теңге), одан кейін 2 АЕК (8 650 теңге);
квадроцикл үшін бірінші күн — 1,5 АЕК (6 487 теңге), одан кейін 3 АЕК (12 975 теңге);
жеңіл көлік үшін бірінші күн- 3 АЕК (12 975 теңге), одан кейін 5 АЕК (21 625 теңге);
3,5 тоннаға дейінгі жүк көлігі үшін бірінші күн — 5 АЕК (21 625 теңге), одан кейін 7 АЕК (30 275 теңге);
0,75 тоннаға дейінгі тіркеме үшін бірінші күн — 2 АЕК (8 650 теңге), одан кейін 4 АЕК (17 300 теңге);
3,5 тоннаға дейінгі тіркеме үшін бірінші күн — 5 АЕК (21 625 теңге), одан кейін 7 АЕК (30 275 теңге).
Платная дорога, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Ақылы жолдарда төлем жасау ережелері жеңілдетілді
Жаңалықтар
0