https://sputnik.kz/20260317/aqyly-zholdarda-tolem-zhasau-erezheleri-zhenildetildi-61942608.html
Ақылы жолдарда төлем жасау ережелері жеңілдетілді
Ақылы жолдарда төлем жасау ережелері жеңілдетілді
Sputnik Қазақстан
Жолақысын уақытында төлемегені үшін жүргізушілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылу жағдайларын азайту көзделіп отыр 17.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-17T08:42+0500
2026-03-17T08:42+0500
2026-03-17T08:55+0500
ақылы жол
төлем
көлік жүргізушісі
https://sputnik.kz/img/272/26/2722696_0:0:1205:678_1920x0_80_0_0_808bcb5f775e371a0e22ce9690785ad4.jpg
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Көлік министрлігі ақылы жолдарымен жүру ақысын төлеу тәртібіне өзгерістер енгізді.Тиісті бұйрыққа қол қойылды.Бұған дейін қолданыста болған нормаға сәйкес, жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемеген жағдайда, сегізінші күні материалдар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес қарау үшін көліктік бақылау органдарына жіберілетін.Енді жаңа тәртіп бойынша, егер жеке тұлға жол жүрген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар 31-ші күні заңнамада белгіленген тәртіппен көліктік бақылау органдарына жолданады.Аталған өзгерістер республикалық маңызы бар ақылы жол учаскелерімен жүргені үшін төлем жасауға жүргізушілерге қосымша уақыт береді.Қол қойылған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
https://sputnik.kz/20260303/biyl-tagy-6-zhol-aqyly-bolady-61571503.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/272/26/2722696_151:0:1055:678_1920x0_80_0_0_46e0d1e3f041bcf0f1f4703fab4aac2c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақылы жол, төлем, көлік жүргізушісі
ақылы жол, төлем, көлік жүргізушісі
Ақылы жолдарда төлем жасау ережелері жеңілдетілді
08:42 17.03.2026 (жаңартылды: 08:55 17.03.2026) Жолақысын уақытында төлемегені үшін жүргізушілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылу жағдайларын азайту көзделіп отыр
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Көлік министрлігі ақылы жолдарымен жүру ақысын төлеу тәртібіне өзгерістер енгізді.
Тиісті бұйрыққа қол қойылды.
"Жаңа өзгерістер ақылы жолдарды пайдаланушылар үшін төлем жасау тәртібін жеңілдетіп, икемдірек етуге бағытталған. Сондай-ақ жолақысын уақытында төлемегені үшін жүргізушілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылу жағдайларын азайту көзделіп отыр", - дейді министрлікте.
Бұған дейін қолданыста болған нормаға сәйкес, жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемеген жағдайда, сегізінші күні материалдар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес қарау үшін көліктік бақылау органдарына жіберілетін.
Енді жаңа тәртіп бойынша, егер жеке тұлға жол жүрген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар 31-ші күні заңнамада белгіленген тәртіппен көліктік бақылау органдарына жолданады.
"Сонымен қатар алғаш рет жеке және заңды тұлғалар үшін бөлек тәртіп енгізіліп отыр. Егер заңды тұлға есепті айдан кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көліктік бақылау органдарына жіберіледі", - деп жазылған хабарламада.
Аталған өзгерістер республикалық маңызы бар ақылы жол учаскелерімен жүргені үшін төлем жасауға жүргізушілерге қосымша уақыт береді.
Қол қойылған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.