Биыл тағы 6 жол ақылы болады

© Sputnik / Тимур БатыршинАқылы жол
Ақылы жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Жазылу
Қазір республика бойынша 26 ақылы жол бар
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. 2026 жылы 6 жолда төлем жүйесі енгізіледі. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
6 жолдың жалпы ұзындығы 2 мың шақырымды құрайды. Олар:
Қарағанды - Балқаш - Бурылбайтал – 554,6 км;
Бурылбайтал - Құрты – 226,4 км;
Ақтөбе - Қандыағаш - Мақат – 89 км;
Талдықорған - Өскемен – 773 км;
Атырау - Астрахань – 277 км;
Мерке - Шу - Бурылбайтал – 78 км.
"Сондай-ақ, жол пайдаланушылардың өтініші бойынша ақылы жолдармен жүру үшін ақы төлеу мерзімін 7 күннен 30 күнге дейін ұзарту нормасы енгізілмек, тиісті түзетулер уәкілетті органдарда келісіліп жатыр", - деді Иманашев үкіметтің бүгінгі отырысында
Айта кетері, қазір республика бойынша 26 ақылы жол бар. Былтыр барлық учаскеден 87 миллиард теңге жиналды.
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2026
Он төрт ақылы жолда төлемақы төмендейді
Жаңалықтар
0