Он төрт ақылы жолда төлемақы төмендейді

© Sputnik / Абзал Калиев
Жазылу
Жүргізушілер талапқа сай және қауіпсіз жол бөлігі үшін ғана төлейді
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. 14 ақылы жолда төлемақы жасау тәртібі уақытша өзгереді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "QazAvtoJol" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
29 қаңтардан бастап жолдардың ақауы бар бөліктері үшін ақы алынбайды. Көлік жүргізушілері талапқа сай және қауіпсіз жол бөлігі үшін ғана төлейді. Ал ақауы бар тұстар толық қалпына келтірілгенге дейін тарифке кірмейді.
"Мысалы, Астана - Теміртау бағытында жеңіл көлік бұрын 410 теңге төлейтін. Ақаулы бөліктер уақытша есептен алынғаннан кейін төлем 360 теңге болады. Осылайша уақытша өзгерген тарифтер ақаулар толық жойылғанға дейін сақталады. Ал жөндеу жұмыстары биыл жол-құрылыс маусымы басталысымен қолға алынады", - дейді компания мамандары.
Төлем қайта есептелетін ақылы жолдар:
Көкшетау – Петропавл;
Павлодар – Семей – Қалбатау;
Павлодар – Омбы;
Астана – Теміртау;
Алматы – Қонаев;
Қонаев – Талдықорған;
Шымкент – Қызылорда;
Орал – Самара;
Орал – Саратов;
Астана – Павлодар;
Қызылорда – Арал;
Ақтөбе – Орынбор;
Қостанай – Троицк;
Тараз – Қайнар.
Айта кетері, бір жерге барып, өтініш жазудың қажеті жоқ. Төлем жүйесі бәрін автоматты түрде есептейді.