"Жұма сайын кітапханаға барсын": депутат мемлекеттік қызметшілер туралы ұсыныс айтты

© Sputnik / Владислав Воднев"Жұма сайын кітапханаға барсын": депутат мемлекеттік қызметшілер туралы ұсыныс айтты
Жұма сайын кітапханаға барсын: депутат мемлекеттік қызметшілер туралы ұсыныс айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Жазылу
Ол жұма күнін шығармашылық күні деп жариялауды ұсынды
АЛМАТЫ, 18 наурыз - Sputnik. Парламент мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек мемлекеттік қызметшілер туралы ұсыныс айтты.
Оның айтуынша, әр аптаның жұмасы мемлекеттік қызметшілер кітапханаға барып кітап оқу керек.
"Кітап оқитын емес, әлеуметтік желіні қолданатын халыққа айналып барамыз. Менің жеке ұсынысым, болашақта кез келген аптаның жұма күнін шығармашылық күні, ағарту күні деп жариялау керек. Сол күнде ешбір тапсырма, мемлекеттік қызмет болмай, мемлекеттік қызметшілер кітапханаға барып, кітабын оқып, санасын жоғарылату керек", - дейді Бақытжан Базарбек.
Депуттатың айтуынша, Макиавелли мен Абайды оқыған мемлекеттік қызметкер ғана халықпен жұмыс істей алады.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстан бойынша 27554 жас қызмет етіп жатыр, бұл жалпы мемлекеттік қызметшілердің 34%-і.
Бақытжан Базарбек тағы бір мәселе көтерді. Көптеген жас мемлекеттік қызметшілер қызметінен кетіп, бизнес жағалап кетеді. Оған себеп – жан-жақтан қыспақ, тексеріс. Жұмыста олқылық болса жас мемлекеттік қызметшілер жауапқа көп тартылады, дейді ол.
Игромания, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2025
400 млн теңге салған: Шымкентте 50 мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылуы мүмкін
Жаңалықтар
0