https://sputnik.kz/20250720/400-mln-tenge-salgan-shymkentte-50-memlekettik-qyzmetshi-zhumystan-quyluy-mumkin-55802903.html
400 млн теңге салған: Шымкентте 50 мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылуы мүмкін
400 млн теңге салған: Шымкентте 50 мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында қыруар қаржыны құмар ойынға салған 50 мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik... 20.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-20T19:10+0500
2025-07-20T19:10+0500
2025-07-20T19:10+0500
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43256711_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_09f64338670c2dfea9e779cf6d24db92.jpg
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында қыруар қаржыны құмар ойынға салған 50 мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.Қалалық прокуратура жергілікті атқарушы органдарды тексеріп, 400 млн теңгеден астам қаражатты құмар ойынға салған шенеуніктерді анықтады. Ал 2024 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге кез келген құмар ойынға қатысуға тыйым салынған.Прокуратураның басқарма бастығының орынбасары Бекжан Құлатаевтың айтуынша, Olimpbet онлайн платформасы арқылы жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейтін 161 адам бәс тіккен. Олардың ішінде 50 адам заң күшіне енгеннен кейін құмар ойындарға қатысқан. Олардың бәске қойған жалпы қаржысы 443 миллион теңгеден асты.Қазіргі кезде прокуратура тиісті акт шығарды. Ал шенеуніктердің әрекетін тәртіптік комиссия қарап жатыр.Айта кетері, 2024 жылдың басынан бері Шымкентте бәс тіккен 161 мемлекеттік қызметшінің жалпы шығыны 757 миллион теңгені құрады.
https://sputnik.kz/20240422/ludomaniyamen-kures-40-myn-adam-ozin-bas-tiguden-shektedi-43843404.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43256711_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_2726fb4637db92f8e44b9efffa060306.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент
400 млн теңге салған: Шымкентте 50 мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылуы мүмкін
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында қыруар қаржыны құмар ойынға салған 50 мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Қалалық прокуратура жергілікті атқарушы органдарды тексеріп, 400 млн теңгеден астам қаражатты құмар ойынға салған шенеуніктерді анықтады. Ал 2024 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге кез келген құмар ойынға қатысуға тыйым салынған.
Прокуратураның басқарма бастығының орынбасары Бекжан Құлатаевтың айтуынша, Olimpbet онлайн платформасы арқылы жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейтін 161 адам бәс тіккен. Олардың ішінде 50 адам заң күшіне енгеннен кейін құмар ойындарға қатысқан. Олардың бәске қойған жалпы қаржысы 443 миллион теңгеден асты.
"Жаңа нормаларға сәйкес, интернет арқылы құмар ойындарға қатысу еңбек шартын бұзуға негіз бола алады", - дейді Құлатаев.
Қазіргі кезде прокуратура тиісті акт шығарды. Ал шенеуніктердің әрекетін тәртіптік комиссия қарап жатыр.
Айта кетері, 2024 жылдың басынан бері Шымкентте бәс тіккен 161 мемлекеттік қызметшінің жалпы шығыны 757 миллион теңгені құрады.