https://sputnik.kz/20240422/ludomaniyamen-kures-40-myn-adam-ozin-bas-tiguden-shektedi-43843404.html
Лудоманиямен күрес: 40 мың адам өзін бәс тігуден шектеді
Лудоманиямен күрес: 40 мың адам өзін бәс тігуден шектеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 сәуір - Sputnik. Құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өз бетінше шектеу жөніндегі онлайн қызмет іске қосылған алғашқы айда аталған қызметті 40... 22.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-22T20:47+0500
2024-04-22T20:47+0500
2024-04-22T20:47+0500
құмар ойын
мәдениет және спорт министрлігі
https://sputnik.kz/img/549/25/5492548_0:360:3000:2048_1920x0_80_0_0_98c2d60ed6f5015c79b2d711f82174ae.jpg
АСТАНА, 22 сәуір - Sputnik. Құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өз бетінше шектеу жөніндегі онлайн қызмет іске қосылған алғашқы айда аталған қызметті 40 мыңнан астам ел азаматы пайдаланған.Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, 36 765 адам EGOV mobile порталы арқылы онлайн өтініш берсе, 3398 адам өзін шектеуге қағаз түрінде өтініш жазды. Сонымен қатар ведомство осы қызметті ілгерілету үшін әлеуметтік жарнама науқанын жүргізуде. Өтінішті өзін құмар ойындар мен бәс тігуден шектегісі келетін адам дербес ЭЦҚ пайдалана отырып, өз бетінше өтініш беруге тиіс. Үшінші тұлғалар тарапынан өтініш бере алмайды. Естеріңізге сала кетейік, аталған цифрлы қызметпен қатар ел азаматтары мен резиденттері құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өзін шектеу үшін ойын бизнесін ұйымдастырушыларға жазбаша өтініш (қағаз түрінде) бере алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/549/25/5492548_269:0:3000:2048_1920x0_80_0_0_303c6b81f4c38baa36df1b7dd573f252.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құмар ойын, мәдениет және спорт министрлігі
құмар ойын, мәдениет және спорт министрлігі
Лудоманиямен күрес: 40 мың адам өзін бәс тігуден шектеді
АСТАНА, 22 сәуір - Sputnik. Құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өз бетінше шектеу жөніндегі онлайн қызмет іске қосылған алғашқы айда аталған қызметті 40 мыңнан астам ел азаматы пайдаланған.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, 36 765 адам EGOV mobile порталы арқылы онлайн өтініш берсе, 3398 адам өзін шектеуге қағаз түрінде өтініш жазды. Сонымен қатар ведомство осы қызметті ілгерілету үшін әлеуметтік жарнама науқанын жүргізуде.
"Еліміздің 10 өңірінде 200-ден астам баннерлер мен билбордтар ілінді. Сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының цифрлы кеңселері мен теміржол вокзалдарында жарнамалық конструкцияларға тақырыптық баннерлер орналастырылған", - делінген хабарламада.
Өтінішті өзін құмар ойындар мен бәс тігуден шектегісі келетін адам дербес ЭЦҚ пайдалана отырып, өз бетінше өтініш беруге тиіс. Үшінші тұлғалар тарапынан өтініш бере алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, аталған цифрлы қызметпен қатар ел азаматтары мен резиденттері құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өзін шектеу үшін ойын бизнесін ұйымдастырушыларға жазбаша өтініш (қағаз түрінде) бере алады.