https://sputnik.kz/20260318/zhambyl-oblysynda-monsha-qozhayynyn-urgan-ayel-4-zhylga-sottaldy---61979059.html
Жамбыл облысында монша қожайынын ұрған әйел 4 жылға сотталды
Жамбыл облысында монша қожайынын ұрған әйел 4 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Жанжал кезінде сотталушы масаң күйде болған 18.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-18T11:00+0500
2026-03-18T11:00+0500
2026-03-18T11:00+0500
жамбыл облысы
төбелес
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/336/03/3360336_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_f76edc7a8072d96759dd036617b0d692.jpg
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Сарысу ауданы Жаңатас қаласында моншаға барып, соңын төбелеспен аяқтаған әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот. Балаларын алып, моншаға барған әйел төлеу ақысына келгенде келіспейтінін айтып, моншаның қожайынымен жанжалдасқан. Екі әйел арасындағы даудың соңы төбелеске ұласады. Оқиға былтыр қазан айында болған. Айыпталушыға "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша айып тағылды. Прокурор 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрады. Айта кетейік, жанжал кезінде сотталушы масаң күйде болған. Сотта жәбірленуші сотталушыны кешіретінін айтты. Үкім заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260112/qazaqstan-chempionatynda-zhappay-tobeles-boldy-60336206.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/336/03/3360336_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_46d68da553d86401e63f6b502c1cf65d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, төбелес, сот үкімі
жамбыл облысы, төбелес, сот үкімі
Жамбыл облысында монша қожайынын ұрған әйел 4 жылға сотталды
Жанжал кезінде сотталушы масаң күйде болған
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Сарысу ауданы Жаңатас қаласында моншаға барып, соңын төбелеспен аяқтаған әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.
Балаларын алып, моншаға барған әйел төлеу ақысына келгенде келіспейтінін айтып, моншаның қожайынымен жанжалдасқан. Екі әйел арасындағы даудың соңы төбелеске ұласады. Оқиға былтыр қазан айында болған.
"Жанжал кезінде сотталушы қолында тұрған смартфонымен жәбірленушінің басынан ұрған. Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің миы шайқалған, бірінші дәрежелі ми контузиясы, сондай-ақ сынық түріндегі жабық ми жарақатын алған. Бұл адам өміріне қауіпті денсаулыққа ауыр зиян санатына жатады", - дейді сот.
Айыпталушыға "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша айып тағылды. Прокурор 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрады.
Айта кетейік, жанжал кезінде сотталушы масаң күйде болған. Сотта жәбірленуші сотталушыны кешіретінін айтты.
"Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны орындау жас балалардың болуына байланысты 5 жылға кейінге қалдырылды", - дейді сот.